Оңтүстік Қазақстан облыстық «Жастар ресурстық орталығында» Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімовтің «Аңызға айналған Асанәлі» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, ұлттық сахна және киноөнерінің дарабозы, аты аңызға айналған біртуар тұлғаны 80 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтады.
«Осынау мерейлі күнде елімізге сіңірген адал да абыройлы еңбегіңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сізге Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының атынан, миллиондаған жанкүйерлеріңіздің атынан «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын табыс етуге рұқсат етіңіз. Сізге зор денсаулық, жаңа шығармашылық табыстар, отбасыңызға береке, баянды бақыт тілеймін», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Аймақ басшысы мерейтой иесінің иығына қазақы шапан жауып, астына ат мінгізді.
Кеш Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің «Аңызға айналған Асанәлі» атты театрландырылған музыкалық қойылымымен жалғасты.
Айта кетейік, Асанәлі Әшімов 1961 жылы Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша бітіріп, «Қазақфильм» киностудиясына жұмысқа қабылданды. Актер ойнаған «Ән қанатында», «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір жүрдек пойызы», «Жаушы», «Нан дәмі», «Қазақы оқиға», «Сіз кімсіз, Ка мырза?», көп сериялы «Бұлғарлар туралы баян» фильмдері қазақ киносының дамуына зор үлесін қосты.
Атақты актер театр сахнасында М.Әуезовтің «Абайын» Керім, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Айшуақ, «Таңғы жаңғырығында» Жарасбай, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Қодар, Қ.Мұхамеджанов, Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Иосиф Татаевич, Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Юлий Цезарь, М.Фриштің «Дон Жуанның думанында» Дон Жуан, Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламан сынды кейіпкерлерін сомдаған. Одан бөлек Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббат» драмасындағы доктор Клаузен рөлін асқан шеберлікпен сомдап, театр тарихынан ойып орын алған тұлға.
• 04 Наурыз, 2017
Асанәлі Әшімов Оңтүстік Қазақстанның «Құрметті азаматы» атанды

Ауа райы • Бүгін, 17:44
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Бүгін, 17:37
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Бүгін, 16:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Бүгін, 15:45
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Бүгін, 14:47
Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Ата заң • Бүгін, 13:50
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңадан бастық тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:35
Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды
Ата заң • Бүгін, 13:21
Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады
Медицина • Бүгін, 12:35
Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады
Білім • Бүгін, 12:26
Референдум–2026. Онлайн-марафон
Референдум • Бүгін, 12:00
Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 11:42