Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 08:00-де 32 контейнермен көлемі 720 тонна болатын қазақстандық астықтың бірінші партиясы шығысқытайлық Ляньюньган портынан Вьетнамның Хошимин портына келді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
VICT терминалында салтанатты түрде жүкті қарсы алу рәсімінде Қазақстанның Вьетнамдағы Төтенше және өкілетті елшісі Бекетжан Жұмаханов, VICT First logistics development (JV) Co. бас директоры Глен Кун Вай Кеон, «Ляньюньган қаласының қытайлық-қазақстандық халықаралық логистикалық компаниясының» бас директоры Лю Бин, вьетнамдық астық сатып алатын компания өкілдері, жергілікті телеарналар тілшілері, ҚХР-да аккредиттелген қазақстандық журналистер қатысты.
«Бұл Вьетнам мен ЕАЭО арасындағы еркін сауда аймағы туралы қол қойылған келісім аясында қытайлық Ляньюньган порты арқылы «ҚТЖ» ҰК» компаниясының еншілес кәсіпорны «KTZ Express» АҚ-ның Вьетнамға қазақстандық өнімді алғашқы рет жеткізуі. Негізгі міндет - жүкті Вьетнамға жеткізу ғана емес, Қытай аумағы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияға тауарларды жеткізудің логистикалық маршрутын тестіден өткізу. Біз нарыққа тек астық қана емес, азық-түлік өнімдерінің басқа да түрлерін жеткізуге әзірміз», - деді Бекетжан Жұмаханов.
Оның айтуынша, Қазақстан өз өнімін экспорттап қана қоймайды, сонымен бірге ЕАЭО-ға мүше басқа да мемлекеттердің тауарларын «Қазақстан - Ляньюньган (ҚХР) порты - Вьетнам» көліктік дәлізі арқылы Вьетнамға және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жеткізеді.
«Өңір халқы 600 миллионға жуық. Сондықтан қазақстандық бизнес үшін жақсы перспективалар ашылуда», - деп түйіндеді сөзін дипломат.
• 04 Наурыз, 2017
Қазақстан астығының бірінші партиясы Вьетнамға жетті

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше