"Қайрат" Қазақстан Суперкубогының иегері атанды. Бұл сында алматылықтар өз алаңында "Астана" командасымен кездесіп, 2:0 есебімен басым түсті.
Жанкүйерлер тартысты бәсекенің куәсі болды. Кездесу барысында гол соғатын сәттер көп болғанмен, есеп тек 76-минутта ашылды. Айып соққысын Ненад Эрич қайтарғанмен, доп ашық тұрған Сесар Арзоның алдына келе қалды. Испаниялық қорғаушы мүмкіндігін мүлт жібермей, "Қайратты" алға шығарды. Осыдан кейін бас бапкер Кахабер Цхададзеден жаңа нұсқаулар алған ойыншылар қорғанысқа жіті көңіл бөлді. Ал елордалықтар таразы басын теңестіру үшін барын салып, қарқындарын үдете түсті. "Астанаға" жаңадан қосылған Иван Маевскийдің мүмкіндігі болып еді. Бірақ орайы келген сәтте қақпаға тура бағыттағанмен, қақпашы Владимир Плотников қайтара білді.
Матчтың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда "Қайрат" ойыншылары Абзал Бейсебековтің қателігін пайдалынып, қарымта шабуылға шықты. Соңғы сәтте екі қорғаушының арасынан сытылып шыққан Исламбек Қуат екінші голды салды.
"Қайрат" (Алматы) - "Астана" (Астана) 2:0
Голдар: Сесар Арзо (76'), Исламбек Қуат (90+3')
"Қайрат": Владимир Плотников, Елдос Ахметов, Ғафуржан Сүйімбаев, Жарко Маркович, Исламбек Қуат, Михаил Бакаев, Бауыржан Исламхан, Исаэль да Сильва Барбоза, Жерар Гоу, Сесар Арзо, Андрей Аршавин
"Астана": Ненад Эрич, Марин Аничич, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Иван Маевский, Патрик Твумаси, Жуниор Кабананга, Аздрен Ллулаку
Төршілер: Артем Кучин (Қарағанды),Анатолий Ходин (Атырау), Евгений Бельский (Тараз)
Қосымша төрешілер: Данияр Сахи (Қызылорда), Денис Измайлов (Талдықорған)
Инспектор: Александр Мазманьян.

Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 19:40
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Бүгін, 18:40
Ауа райы • Бүгін, 17:44
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Бүгін, 17:37
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Бүгін, 16:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Бүгін, 15:45
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Бүгін, 14:47
Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Ата заң • Бүгін, 13:50
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңадан бастық тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:35
Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды
Ата заң • Бүгін, 13:21
Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады
Медицина • Бүгін, 12:35
Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады
Білім • Бүгін, 12:26