Атырауда өтіп жатқан Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) қазақстандық «Astana Arlans» пен қытайлық «China Dragons» командалары арасында екінші болып рингке 56 килода Ілияс Сүлейменов пен Ван Лун шықты.
Бірінші раундта Ілияс Сүлейменов жеңісті жолды жалғастыру үшін барын салды. Бірнеше соққысын дарытып, Ван Лунға еш мүмкіндік бере қоймады. Өз кезегінде қытайлық ара-тұра ұмтылғанмен, онысынан түк шықпады.
Екінші раундта да Ілиястың мерейі үстем болды. Алыстан да, жақыннан да қарсыласын төмпештеумен болды.
Келесі раундта Ван Лун жабық түрде бокстасты. Отандасымыз екі қолын салбыратып, шабуылдауына ерік берсе де Аспанасты елінің спортшысы сенімді түрде айқаса алмады. Сүлейменов ыңғайы келген уақытта Ван Лунның бүйірлерінен де соққыларын дарыта білді.
Келесі үш минутта отандасымыз қарсыласының қорғанысын бұзып кіріп, бірнеше рет дәл соққысын тигізе білді. Қытай спортшысының алғашқы раундтағы қарқыны бәсеңдеп қалды. Басын төмен салбыратып алып, Ілиястың қолтығына кіріп кетумен болды.
Соңғы раундта жерлесіміз басымдығын бере қоймады. Дегенмен, бір-екі соққысын өткізіп алды.
Қорытындысында Ілияс Сүлейменов айқын басымдықпен жеңіске жетті.
• 04 Наурыз, 2017
Дүниежүзілік бокс сериясы: Ілияс Сүлейменов жеңісті жолды жалғады

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше