Атырауда өтіп жатқан Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) қазақстандық «Astana Arlans» пен қытайлық «China Dragons» командалары қолғап түйістірді. Соңғы болып шаршы алаңға ауыр салмақта (91 кг) Антон Пинчук пен Қытай ұжымының атынан Сергей Новиков шықты.
Бірінші раундтың басында қос боксшы бір-бірін аңдысуымен жүріп, айтарлықтай шабуылға шыға қоймаған. Бірақ бастапқы үш минуттың соңына таман Антон Пинчук алға ұмтылып, бірнеше соққысын дәл тигізе білді.
Екінші раундта Сергей Новиков айтарлықтай ешнәрсе істей алмады. Бойы мен қолының ұзындығын тиімді пайдалана білмеді. Қайта отандасымыз Антон Пинчук бұрышқа тақап алып, соққылаумен болды.
Келесі раундта дәл осы бағытта өрбіді. Отандасымыз джеб соққыларын дәл тигізіп жатты. Новиковтың қарсы соққыларынан жылдам қимылымен шығып кетіп жүрді.
Төртінші раундта Антон сәт сайын алға ұмтылып, Сергейді бұрышқа тықсырып жүрді. Ұлты белорус спортшысына еш мүмкіндік бере қоймады.
Соңғы үш минутта отандасымыз сақ қимылдап, қарсыласының шабуылына қарсы ұмтылуды мақсат етіп жүрді. Дегенмен, қарсыласының бірнеше соққысын өткізіп алған сәттер де болып жатты.
Қорытындысында Антон Пинчук бокс кешін жеңіспен түйіндеді.
• 04 Наурыз, 2017
Дүниежүзілік бокс сериясы: Антон Пинчук жеңіспен аяқтады

Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Бүгін, 14:47
Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Ата заң • Бүгін, 13:50
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңадан бастық тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:35
Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды
Ата заң • Бүгін, 13:21
Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады
Медицина • Бүгін, 12:35
Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады
Білім • Бүгін, 12:26
Референдум–2026. Онлайн-марафон
Референдум • Бүгін, 12:00
Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 11:42
Бүгін елімізде қандай тасжолдар жабылды?
Қазақстан • Бүгін, 11:37
«Баян Сұлу» фабрикасы ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 11:17
Қаржы • Бүгін, 10:34
Олимпиада-2026: 14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:21
Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:53