Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) британиялық BoxNation телеарнасы жасаған жеңіліп көрмеген 5 үздік боксшының тізіміне енді, деп хабарлайды vesti.kz.
Теларнаның сайтында жарияланған видеода Головкин сегіз боксшының ішінде төртінші орынға жайғасқан. Қазақстандық былғары қолғап шеберді 36 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен, оның 33-ін уақытынан бұрын аяқтаған. Оған қоса, ол орта салмақтағы ең үздік нокаутшы. GGG қатарынан 23 кездесуін нокаутпен аяқтап, 18 мәрте атағын сәтті қорғап қалған.
Қазақстандық боксшыны тізе біктіруге тек мексикалық Сауль "Канело" Альварес қауқарлы деп санайды BoxNation.
BoxNation рейтингісі:
1. Роман Гонсалес (46-0)
2. Ваенхонг Менайотин (45-0)
3. Деонтей Уайлдер (38-0)
4. Геннадий Головкин (36-0)
5. Майки Гарсия (36-0)
6. Хильберто Рамирес (34-0)
7. Дэнни Гарсия (33-0)
8. Терри Флэнаган (32-0).
Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы айқас 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.
• 05 Наурыз, 2017
Головкин жеңіліп көрмеген боксшылардың үздік бестігіне енді

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше