ҚР Білім және ғылым министрлігі бірқатар мамандықтардың жіктемеден алынып тасталғандығы туралы ақпаратты тағы да жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлеуметтік желіде ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарынан «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихи», «Лингвистика», «Шығыстану» сынды пәндерді ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктелімінен алып тастағандығы туралы ақпарат тарады. Бұл ақпараттың арандатушылық екендігін министр Ерлан Сағадиевтің бейне жауабын жариялау арқылы жаздық та. Бұл мәлімдемеге жауап ретінде мәселеге қатысты министрліктің айтқандары жалған екендігі көрсетілген жаңа пікірлер жариялана бастады. Осыған орай біз Әділет министрлігіне сауалмен жүгінген едік», - делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Сонымен қатар, таратылған ақпаратта ҚР Әділет министрлігі Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу департаментінің директоры Хамит Бекішевтің де сөздері келтірілген.
«Қазіргі уақытта 2009 жылдың 20 наурызында ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің №131-од бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтардың жіктелімі қолданыста. Мемлекеттік органдар тарапынан қолданыстағы жіктелімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс келіп түскен жоқ», - деді ол.
Еліміздің жоғары оқу орындарының аталған мамандық бойынша жұмыс істейтін кафедралардың оқытушылары да бұл мәселеге қатысты пікір білдіруде.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Нартай Жүсіпов өз сөзінде қазақ филологиясы кафдерасы университетінің негізі қаланған сәттен бастап жұмыс істейтіндігін баса айтқан.
«Біз «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі филологиясы» мамандықтары бойынша бакалаврлар мен магистранттарды дайындаймыз. Алдағы уақытта дәл осы мамандықтар бойынша докторанттарды дайындауды жоспарлаудамыз», - деді ол.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің деканы, филология ғылымының докторы, профессор Өмірхан Әбдіманұлы да мамандық жіктеліміне қатысты ақпараттың жалған екендігін атап өткен.
«Әлеуметтік желілер мен бірқатар басылымда министрлік мамандықтар жіктелімінен «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихи», «Лингвистика» мамандықтарын алып тастап, оны жалпы лингвистикалық және гуманитарлық мамандықтармен алмастырды деген ақпарат тарады. Мұндай ақпараттың қайдан шыққанын білмеймін. Біздің факультет 2009 жылғы мамандықтар жіктелімімен жұмыс істеуде және ешқандай өзгеріс болған жоқ», - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев әлеуметтік желілерде тарап кеткен ЖОО-лардағы бірқатар мамандықтардың жабылғаны туралы ақпаратқа байланысты видеоүндеу жариялаған болатын.
Онда Ерлан Сағадиев, соңғы кезде интернет желісінде ҚР БҒМ-нің мамандықтар классификаторындағы «Қазақ тілі», «Қазақ əдебиеті», «Қазақстан тарихы», «Лингвистика», «Шығыстану» сынды мамандықтарды жоғары оқу орындарынан алып тастағаны туралы, жоғары оқу орындарында осы пəндердің жүргізілуі тоқтатылғандығы жайлы ақпарат кездесіп отырғандығын атап өткен.
«Құрметті педагогтар, ата-аналар, оқушылар, біз сіздерді тек сенімді дереккөздерінен таратылатын ақпаратқа жүгінуге шақырамыз. Мұндай мəліметтерді ҚР БҒМ-нің желідегі ресми аккаунтына жазылып алуға болатындығын жеткізгіміз келеді», - дейді Сағадиев.
• 05 Наурыз, 2017
Әділет министрлігі бірнеше мамандықтың жабылатынын жоққа шығарды

Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Бүгін, 14:47
Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Ата заң • Бүгін, 13:50
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңадан бастық тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:35
Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды
Ата заң • Бүгін, 13:21
Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады
Медицина • Бүгін, 12:35
Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады
Білім • Бүгін, 12:26
Референдум–2026. Онлайн-марафон
Референдум • Бүгін, 12:00
Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 11:42
Бүгін елімізде қандай тасжолдар жабылды?
Қазақстан • Бүгін, 11:37
«Баян Сұлу» фабрикасы ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 11:17
Қаржы • Бүгін, 10:34
Олимпиада-2026: 14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:21
Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:53