Былтыр Павлодарда жастар үшін 238 пәтер пайдалануға берілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Наталья Нефедова айтып берді.
«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы бойынша 167 жасқа баспана берілді. Сондай-ақ, 29 жасқа дейінгі 54 жас отбасы өз пәтерлерінің кілттерін алды, - деді Наталья нефедова.
Айта кетейік, Павлодар облысында 14-29 жас аралығындағы 163 135 жас тұрып жатыр. Бұл облыстағы жалпы адам санының 21,4%-ын құрайды.
Жұмыспен қамтылған жастар саны 128 909 адам, жұмыссыз жастар саны 4125-ке жетіп отыр. Жастар арасындағы жұмыссыздың деңгейі 2,53%-ды көрсетті.