13 Сәуір, 2011

Көңіл айту жеделхатын жолдады

1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Респуб­лика­сы­ның Президенті Александр Лукашенкоға Минскідегі «Октябрьская» метросы стансасындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Прези­дентінің баспасөз қызметі. «Қазақстанда Минскідегі «Октябрьская» метросы стансасындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдады. Қазақстанның көпұлтты халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендерге қолдау сөзімді жеткізуді өтінемін», делінген көңіл айту жеделхатында.
Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50