Бұл Астана астана болғалы айтылып келе жатқан түйінді мәселе еді. Қыс түссе болды, көк түтінге оранатын бас шаһар енді ондай кейіпті басынан өткеруден арылады. "Қалаға табиғи газ тартылса" деген көп жылғы арман орындалған сыңайлы. Жақында сұйытылған отынды кәдімгі газ күйіне айналдыратын "Тұран" атты алғашқы станса ашылды. Назарбаев Университетінің маңында орналасқан нысанның тұңғыш тұтынушысы да аталған оқу орны болмақ.
Елорда атауын иеленбеген, Кеңес заманындағы Целиноградтың одақ аумағындағы екінші экологиялық таза қала атанғаны көзкөргендердің есінде. Алайда, Арқаның төсіндегі шағын шаһар Астана болып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі жұрт осылай қарай ат басын бұрғанда, ауқымын да кеңге жайған. Алты ай қыста тұрғындар жаққан, қазандықтардан будақтаған көмір түтіні мен қаптаған автокөліктердің зиянды қалдықтары қала экологиясын біршама ластап үлгергенін мойындамасқа амалымыз жоқ.
Оның үстіне биыл Астана баламалы энергия көздерін сынайтын алып алаңға айналады. «Болашақтың энергиясын» насихаттайтын ЭКСПО көрмесін ұйымдастыра отырып, көмір жағып отырғанымыз, әрине, күллі Қазақстанымызға сын еді. Олқылықтың орнын толтырған оқиғаға орай қала әкімі Әсет Исекешев былай деді: «Бұл – Астана тұрғындары үшін ерекше сәт. Елбасы экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселесіне үнемі ыждағатпен көңіл бөледі. Мемлекет басшысы елімізді жаппай газдандыру керектігіне, экологияны жақсарту мен халықтың денсаулығын қорғауға назар аударды. Астана да бұл үдерістен тыс қалмайтыны мәлім. Сол мақсатта біз LNG инновациялық технологиясы негізінде баламалы энергияның жаңа көзін іске қостық. Бұл жоба көмір мен дизель отынына қарағанда, зиянды қалдықтардың ауаға таралуын 70-90 пайызға азайтады. Газ стансасы шет ел инвестицияларының есебінен салынды. Осыған қатысты өзіміз басымдық беріп отырған, алда жүзеге асырылатын біршама жоспар бар. Соның арқасында елордада экология мен зиянды қалдықтар мәселесін шешеміз деп ойлаймын. Бұл жоба елорда халқының игілігіне қызмет етеді».
Назарбаев Университеттің инновациялар жөніндегі вице-президенті Қанат Байғариннің айтуынша, халықаралық білім ордасында осы күндері «Жасыл кампус» бағдарламасына сәйкес зиянды қалдықтардан арылу үдерісі жүріп жатқан көрінеді. Газ стансасының ашылуы соған үлкен септігін тигізбек. Яғни, бас қала байырғы «экологиялық таза шаһар» атағын қайтарып алатын күн алыс емес.
ASTANA LNG жобасы туралы айтсақ, пайдалы бастаманың алғашқы қадамдары осыдан екі жыл бұрын өткен инвестициялық форум барысында жасалған. Сол шарада қажетті құжаттарға қол қойылған. Ал «Газпром экспорт» ЖШҚ мен «Global Gas Regazification» ЖШС арасында сұйытылған табиғи газды жеткізу жөнінде жасалған келісімшартқа сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар айының аяғында отынның алғашқы партиясы Ресейдің Екатеринбург қаласынан көлікпен Қазақстанға жеткізілді. Бұл жобаны жүзеге асырушы да Ресей компаниясы – «Газпром Трансгаз Екатеринбург» ЖШҚ. Осы мекеменің бас директорының орынбасары Сергей Лиховскихтің сөзіне қарағанда, елімізге жыл сайын 320 мың тонна немесе 500 млн текше метр сұйытылған газ жеткізілмек. Газдандыру жобасына тек Астана қаласы ғана емес, еліміздің солтүстік және шығыс өңірлері де кіріп отыр.
«Global Gas Regazification» ЖШС директоры Панает Саулиди биыл метан газының 5 мың тоннасын жеткізу бойынша келісімшарт жасалғанын айтады. «Жоба, жалпы алғанда, 2021 жылға дейін жалғасады. Ол кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бастапқы кезеңге 2 млрд теңге бөлінді. Ал инвестицияның жалпы көлемі 20 млрд теңге шамасында», дейді ол.
Алда Астана қаласын жаппай газбен қамтамасыз ету жоспары тұр. Мәселен, 2018-2019 жылдың жылу беру маусымында «Көктал» тұрғын алабын жартылай газбен жылыту көзделіп отыр. Әзірге сұйытылған газ Ресейден жеткізіледі. Алайда, мамандар сөзіне сенсек, болашақта Қазақстан тиісті технологияны меңгеретін болса, осы жерде-ақ барлық жұмыс атқарылатын болады.
Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»
• 06 Наурыз, 2017
Астанада сұйытылған отынды газ күйіне айналдыратын станса ашылды

Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды
Ата заң • Бүгін, 13:21
Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады
Медицина • Бүгін, 12:35
Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады
Білім • Бүгін, 12:26
Референдум–2026. Онлайн-марафон
Референдум • Бүгін, 12:00
Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 11:42
Бүгін елімізде қандай тасжолдар жабылды?
Қазақстан • Бүгін, 11:37
«Баян Сұлу» фабрикасы ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 11:17
Қаржы • Бүгін, 10:34
Олимпиада-2026: 14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:21
Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:53
Реформаларға азаматтық белсенділік керек
Қоғам • Бүгін, 09:50
Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде
Қазақстан • Бүгін, 09:45
Пікір • Бүгін, 09:40
Қоғамдық сенім мен саяси жауапкершілік
Пікір • Бүгін, 09:35
Жаңа Конституция жобасы: ел тұрақтылығының бағыт-бағдары
Саясат • Бүгін, 09:30