Ежелден «Бір қозы артық туса, бір түп жусанның да артық шығатынын» ұғынған халқымыз ана мен балаға айрықша көңіл бөлген. Бұл күнде демографиялық өсуді басты назарға алған еліміз үшін өңірлердегі көрсеткіш те едәуір жақсарған. Жуырда ғана Тараз қаласында №1 қалалық аурухана жанынан 25 орындық босану бөлімшесі ашылған болатын. Ашылғанына апта толмаған перзентхана сол күннен бастап-ақ жүкті әйелдерді қабылдап, онда күні бүгінге дейін 8 сәби дүние есігін ашты.
Бұл – өңіріміздегі көп салалы аурухана жанынан құрылған алғашқы перзентхана. Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Құралай Сарина аталған перзентхана Денсаулық сақтау министрлігінің аймақтандыру бағдарламасына орай ашылып отырғанын айтады. Сонымен қатар, бұл босану бөлімшесі бірінші деңгейлі болып есептеледі. Мамандардың айтуынша, мұнда денсаулығы қалыпты, жүктілік кезеңінде ешқандай оқыс жағдайлар, асқынулар болмаған әйелдер қабылданады және жыл сайын орта есеппен 2500-3000 сәби осы шаңырақта дүниеге келеді. Сондай-ақ, перзентхананың әрбір бөлмесіне ана құрсағындағы шарананың жүрек қағысын қадағалайтын қондырғы орнатылған. Қажетті жабдықтар Германия, Израиль және Ресейден жеткізілген. Мекемеде аналар мен балалар үшін бар жағдай жасалған. Ал, перзентхана мамандары ана мен бала қауіпсіздігі және жаңа перинаталдық технологиялар бойынша арнайы курстардан өткен. Перзентхананың босану бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Ольга Большакова қажет жағдайда жаңа босанған аналарға психолог та көмекке келетінін, босанғаннан кейін сәбидің бірден анасына берілетінін және бұл үрдістің бала ағзасында қорғаныс қабілетінің қалыптасуы үшін маңызды екенін айтып отыр.
Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы

Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Ата заң • Бүгін, 13:50
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңадан бастық тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:35
Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды
Ата заң • Бүгін, 13:21
Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады
Медицина • Бүгін, 12:35
Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады
Білім • Бүгін, 12:26
Референдум–2026. Онлайн-марафон
Референдум • Бүгін, 12:00
Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 11:42
Бүгін елімізде қандай тасжолдар жабылды?
Қазақстан • Бүгін, 11:37
«Баян Сұлу» фабрикасы ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 11:17
Қаржы • Бүгін, 10:34
Олимпиада-2026: 14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:21
Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:53
Реформаларға азаматтық белсенділік керек
Қоғам • Бүгін, 09:50
Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде
Қазақстан • Бүгін, 09:45