06 Наурыз, 2017

Бұл – баршаға берілген мүмкіндік

190 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар айында билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі халыққа арнаған Үндеуі мен биылғы Жолдауында беделді Парламент пен қуатты Үкімет құратын кездің жеткенін, сондықтан өзінің бір­қатар өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке беру жөнінде шешім қабылдағанын айтқан бола­тын. «Мемлекеттің басқару жүйесін жаңғыртатын кез келді. Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып, осындай байлам жасадым» деген еді Президент өз Үндеуінде. Бұл тереңнен ойластырылған, уақыт сүзгісінен өткен, дер кезінде қабыл­данған өте дұрыс шешім болды деп ойлай­мыз. Өйткені, еліміз демократиялық, құқықтық мем­ле­кет ретінде қалыптасу кезеңінен өтті. Мем­ле­кетіміз аяғынан тік тұрды. Халықтың әл-ауқаты жақ­сар­ды. Тәуелсіздіктің 25 жылында бірлігі жарас­қан Қазақстан халқы Елбасымен бірге қалыпт­асу мектебінен сәтті өтіп, барлық салада зор жетіс­тіктерге қол жеткізіп, әлем санасатын әлеует­ті мемлекетке айналды. Ширек ғасырда еліміз әлем­дегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемле­кет­тің қатарына енді. Қазіргі уақытта әлем­нің дамыған 30 елінің қатарына енуді межелеп отырмыз. Елбасының бұл шешімі арқылы біз демокра­тиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет екенімізді төрткүл дүниеге дәлелдеп жатырмыз. Сөз жүзінде емес, іс жүзінде. Мемлекет басшысы өз еркімен Президенттің бірқатар өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке беру жөнінде шешім қабылдады. Біз ел қамын ойлаудан туған осындай батыл байламы үшін Нұрсұлтан Әбішұлына алғыс айтуымыз керек. Елбасы мұндай шешімді бұдан ертерек қабылдаса да болар еді. Оған ешкім де қарсы болмас еді. Бірақ Мем­лекет басшысы барлығын терең­нен, байыппен, байсалдылықпен сарап­тап, бұған біздің қоғамның, билік құры­лым­дарының қаншалықты дайын екенді­гін ескерген секілді. Қоғам­ның түбірлі өзгеріс­­терге сақадай-сай болуы­на мүм­кіндік берген сияқты. Біз бір нәрсені анық байыптауымыз керек. Елбасы өзінің өкілеттіктерінің бір­қатарын Парла­мент пен Үкіметке беріп, олардың жауапкер­шілігін ғана арттырып отырған жоқ. Қоғамға, еліміздің барша азаматтарына мем­лекет дамуына белсене атсалысуға, белсене қаты­су­ға мүмкіндік ұсынып отыр. Өйткені, Пар­ла­мент дегеніңіз – халық. Парламентті халық сай­лайды. Пар­ламент арқылы халық өз тілегін, мұң-мұқ­та­жын жеткізеді. Сондықтан бұл іске бір атаның бала­сын­дай, бір қолдың саласындай қоғам болып, ел болып, жұдырықтай жұмыла атсалысайық. Сұлтан КАРТОЕВ, халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Шығыс Қазақстан облысы