13 Сәуір, 2011

Қауымдастық құттықтауы

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Біз, Сіздің тікелей бастамаңызбен дүниеге келген «Бола­шақ» бағдарламасының стипендиаттары мен түлектері, өзі­ңізді тамаша және айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Өткен сайлау Қазақстан халқының Сізге деген ерекше сенімінің көрінісі және Сіздің стратегиялық бағытыңызды қолдаудың жарқын айғағы болды. Сайлаушылардың үштен бірін құрайтын жастар еліміздің қол жеткізген орасан табыстарын және Отанымыздың одан әрі серпінді дамуына деген үміттерін тек Сіздің атыңызбен ғана байланыстырады. Біз, өскелең жас буын, Сізге әрдайым сенімді сүйеніш болуға және Сіз белгілеген ұлан-ғайыр мақсаттарды іске асыруға дайынбыз. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы.