Республиканың солтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 28 м/с дейін жетеді, кей жерлерде түнде тұман түсуі ықтимал.
Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін артады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.