Қыстың соңғы күнін ала елордадағы «Алау» мұз айдыны сарайында бұқаралық ақпарат өкілдері арасында коньки тебуден жарыс ұйымдасты-рылды. Жарыс Олимпиада ережесі бойынша ерлер мен әйелдер арасында 100 метр қашықтықта өтті.
Алғаш болып мұз айдынына нәзік жандылар шықты. Сегіз жұп өзара бақ сынағанмен, уақыт бойынша бұрын келген алтауы екінші кезеңге жолдама алды. Шешуші кезеңде мәре сызығын 20.63 секунд көрсеткішпен қиған «Той Думан» телеарнасының тілшісі Арайлым Құлмағанбетова бірінші орынға ие болса, «Қазақстан» ұлттық арнасының қызметкері Мөлдір Асылбекова 22.54 секунд көрсеткішпен екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті ұлттық арнаның тағы бір журналисі Әсем Серікбай 23.00 секундпен түйіндеді.
Тартысты бәсеке ерлер арасында өтті. Тоғыз жұп өзара мықтыларды анықтағаннан кейін ақтық сынға алты адам шықты. Мұнда 14.95 секунд көрсеткішпен «Қазақ ТВ» арнасының тілшісі Ардақ Сәтпаев жарысты бірінші орынмен аяқтады. Ал жүз метрлік қашықтықты 15.26 секундта бағындырған «Ұлттық музей» қызметкері Досжан Ысқақов екінші жүлдеге ие болды. Ал үздік үштікті «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Аян Әбдуәли 16.57 секунд көрсеткішпен қорытындылады.
Тілшілер арасындағы жарысты «Алау» мұз айдыны сарайы мен «Республикалық радио» ЖШС бірлесіп ұйымдастырды. Дәстүрлі турнир осымен екінші жыл өткізіліп отыр. Шара былтыр «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына орай алғаш рет ұйымдастырылған болатын.
Гүлнұр ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Ата заң • Бүгін, 13:50
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңадан бастық тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:35
Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды
Ата заң • Бүгін, 13:21
Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады
Медицина • Бүгін, 12:35
Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады
Білім • Бүгін, 12:26
Референдум–2026. Онлайн-марафон
Референдум • Бүгін, 12:00
Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 11:42
Бүгін елімізде қандай тасжолдар жабылды?
Қазақстан • Бүгін, 11:37
«Баян Сұлу» фабрикасы ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 11:17
Қаржы • Бүгін, 10:34
Олимпиада-2026: 14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:21
Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:53
Реформаларға азаматтық белсенділік керек
Қоғам • Бүгін, 09:50
Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде
Қазақстан • Бүгін, 09:45