06 Наурыз, 2017

Жеткіншектің жүлдесі

196 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі ел абыройының биіктен көрінуіне спорт саласындағы сайыпқыран саңлақтар аз үлес қосқан жоқ. Осы бір үрдіс ұрпақтар арасындағы дәстүрге айналды десек те болады. Ал­дыңғы толқынның қадамын кейінгі ұл мен қыз жалғастырып келеді. Оның ішінде мектеп оқушылары мен студенттердің арасындағы жеңісі қай жағынан да қадір тұтуға лайық. Сондай бір жақсы жетістікке жеткен жас ұлан, Алматы қаласындағы № 159 гимназияның 8-сынып оқушысы Темірлан Әйтімов Үндістанның Мум­бай қаласында India Kudo International Federation ұйым­дас­тыруымен өт­кен кудо шығыс жек­пе-жегінен Әлем ку­бо­­гының бас жүл­десіне ие болды. – Мұндай жо­ғары деңгейдегі до­даға біздің алғаш қатысуымыз. Үмі­тімізді үкілеп, ел на­­мысын қорғауға бар­ғаннан кейін намысты қам­шылауға тура келеді екен. Темірлан қайратына мініп, жігерін жанып, алғашқы күннен бастап-ақ алға ұмтылды. Төккен теріміз зая кетпеді. Жеңімпаз атанып Отанымыздың көк туын Үнді елінде желбіреттік, – дейді Темірланның бапкері Дамир Ақсерікұлы. Жалпы, біздің елімізде каратэмен айналысу өткен ғасырдың 90-жылдарының басында қанат жая бастағаны мәлім. Ал 2001 жылы халықаралық ұйым шешімі бойын­ша дайдо-джуку каратэ-до атауы кудо болып ауыс­тырылды. Кудо – Такаши Адзума негізін қалаған каратэ түрі, жапон тілінен аударғанда – «ашық сана жолы» деген мағынаны білдіреді. Бұл кудомен айналысатын тұлғалардың жарасымды дамуына арналған рухани және физикалық өзін өзі жетілдіретін жан-жақты жүйе. Сонымен, жеңімпаз деп та­нылған 14 жастағы Темірлан Әй­тімов алдағы уақытта да азат Қазақ елінің мәртебесін кудо шы­ғыс жекпе-жегі бойынша биік­тете беруге бел байлаған. Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»