06 Наурыз, 2017

Мәскеуде "ТМД - болашаққа көзқарас" экономикалық форумы өтеді

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17 наурызда Мәскеуде халықаралық экономикалық форум өтеді, деп хабарлайды abctv.kz ТМД атқарушы комитетінің сайтына сілтеме жасап. Оған ТМД мүше мемлекеттердің вице-премьерлері, министрлер,  ТМД экономикалық кеңесінің мүшелері, ЕАЭО,  ШЫҚ басшылары, экономикалық даму, қаржы, ауыл шаруашылығы және азық-түлік, өнеркәсіп және сауда, көлік, білім беру министрліктерінің жетекші қызметкерлері,   билік органдары, сауда-өнеркәсіп палаталары, салалық бірлестіктер мен банк қауымдастықтары өкілдері қатысады. Сондай-ақ форумға ТМД-ға қатысушы елдердің кәсіпкерлері келеді. Форум Тәуелсіз мемлекеттері достастығының  Экономикалық кеңесінің кезекті отырысымен қатар өтеді. Форум аясында жобалар көрмесі, цифрлық экономика, еркін кәсіпкерлік, еркін сауда аймағы туралы шартты іске асыру шеңберінде салалық ынтымақтастықтың рөлі, экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи ІТ-шешімдерді пайдалану, ТМД кеңістігінде қаржы-банктік өзара іс-қимыл перспективаларына арналған тақырыптық секциялар ұйымдастырылады.