Кеше кешкілік облысқа еліміздің Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов келді. Ол облыстық әкімдікте өткен актив жиылысында Президенттің ұсынысына сәйкес облыстық мәслихат депутаттарының келісімімен қайтадан тағайындалған облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың алдағы атқаратын қызметіне табыс, сәттілік тіледі.
Бақытжан Сағынтаев өндірісті өңірді үш жылдай уақыт басқарып келді. Облыстағы индустриялық-инновациялық ауқымды бағдарламалардың жүзеге асуына үлес қосты. Шалғай ауылдарға сандық теледидар хабарлары жетті. Жаңа мектептер, ауруханалар, балабақшалар ашылды.
Алқалы жиында Бақытжан Сағынтаев сөз алып, өзіне зор сенім білдіргені үшін Елбасыға алғысын айтты және еліміздің экономикалық әлеуетінің өсіп-өркендеуіндегі өндірісті облыстың бұдан әрі қарай да табыс биігінен түспейтінін жеткізді.
Жиын соңында Кәрім Мәсімов қызметіне қайта тағайындалған облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевқа алдағы уақытта да осындай биік белестерден көрінуіне тілектестік білдірді.
Фарида БЫҚАЙ.
Павлодар.