09 Наурыз, 2017

Шымылдықтың ар жағынан жеткен сыйлық

692 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
– Нешедесің? – деп сұра­ған­дарға төрт саусағымды шо­шайт­ып жауап беретін кезім. Яғни төрттемін. Апам бір кү­ні ертең тойға барамыз деп, кеш­кісін бойымды, мойным мен қолымды өлшеп алды да, жуын­дырып жатқызды. Өзі ша­м­­ның жарығымен маған көй­лек тігуге отырды. Апамның қай­шымен матаны қиғанына, одан инесін сабақтап алып, тіге бас­тағанына қарап, ертең əдемі көй­лек киетінімді ойлап жатып ұйық­тап қалыппын.Таңертең апа­мның: – Тұра ғой, құлыншағым, тойдан қалып қоясың, кел, көй­легіңді кигізейін, – деген жып-жылы үнінен оянып кеттім. Күнде айналып-толғанып оят­қан­да ұйқымды аша алмай біраз жа­та­тынмын, бұл жолы тойдан қалып қоясыңға көйлек аты қосылған соң ба өзімше ұшып тұрған болдым. Беті-қо­лым­ды жуып келген соң шашым­ды өріп, жаңа көйлегімді ки­гізді. Көйлегім ұзын жəне ай­нал­ғанда етегі дөңгеленіп, əп-əдемі көрінеді екен. Қуанып кет­тім, жүгіріп далаға шықтым. Көрші Тəнімсия əжеме көрсетіп, мақ­тан­ғым келді. Апам екі жасар сің­лімді көтеріп, ілесе шықты. Əжем біздің есіктің алдындағы өрік ағашының көлеңкесінде отыр екен. Бізді көріп, орнынан тұрды да, менің мақтанып тұрғанымды аңғарды ма: – Менің қызыма көйлек ті­г­іп бергенсің бе? Əдемі екен, мұн­­дай көйлек тойда ешкімде жоқ шығар. Құтты болсын! – деп қолпаштап, бетімнен сүй­ді. Апам екеуі отыра қалып кіш­­кене қоржынның екі басы­на печенье ме, мата ма, бір нəр­селерді толтырып, оны Тəні­м­сия əжем иығына салып ал­ды. Апамның арқасында сің­лім бар, іркес-тіркес біраз жүр­­д­ік. Таңертең шыққаннан күн сә­с­кеге жақындағанда тойлы ауылға жеттік. Бұрын үй­д­ен ұзап шықпаған маған мұн­да­ғы адам сұмдық көп жəне бə­рі маған қарап тұрғандай кө­рінді. Үйдегі батырлық қа­лып, апамның етегінен тас қылып ұстап алып, жартылай жасырынған күйі сырттағы адамдардың қасынан өтіп, ішке кірдік. Мұнда да толған адам. Ор­тадағы дастарқан басына жа­ға­­лай отырып, шай ішіп, əңгіме ай­тысып, күлісіп, ду-ду етеді. Біз­ге де шетінен орын тиіп шай ішіп, бауырсақ, тəтті жеп, көп­шілікке бойымыз үйренісе бас­таған соң жан-жағымызға аңдап қарай бастадық. Сөйтсек көрші бөлмеден қыз-келін­шек­тердің сыңқылдап күлгені, арасында əн айтқандары естіледі. Апам да сол жаққа елеңдей қа­лыпты. Соны байқады ма, отыр­ғандардың арасынан бір əже апама: – Келін, сен жассың ғой, бала­ла­рың­ды алып, ана жас­тар жағына бар, – деп бүйірдегі есік­ті көрсетті. Бірімізді көтеріп, бі­рі­мізді жетелеп, есіктен кірген апам­ды бұрыннан отырған қыз-ке­ліншектер: – О, жеңеше, кел, кешік­тің­дер ғой, шаршамай жеттіңдер ме? – деп жапырласа қарсы алып, ығысып орын берді. Орын­да­рынан тұрып тізе бүгіп сəлем еткен үш-төрт жас келіншекке апам да: «Көп жаса, қарағым», – деп, жайғасып отырды. Бір жақ­сысы мұнда өзім қатарлы жə­не үлкендеу қыздар көп екен. Өзімді еркіндеу сезініп, жан-жағыма қарай бастадым. Қар­сы алдымызда қызыл мата­дан тігілген шымылдық құ­ру­лы. Бер жағындағылар елең­деп шымылдықтың ар жа­ғына қарайды. Ол жақтан біреу­дің басы көріне қалса бəрі со­ған қызыға қарайтындай. Ол басы көрінген кісі, кісі емес-ау жеңеше шымылдық ете­гінен, кейде қапталынан əл­де­бір нəрсені бері қарай беріп жібе­реді. Қолдан-қолға өткен əл­гі нəрсе біреуге жеткенде отыр­ғандар жапырласып қа­рай қа­лады. «Не салыпты, не қа­дап­ты?» деп сыбырлаған сөздер шы­мылдықтың бергі жағы түгілі арғы жағына да естіліп жатыр. Ана жақтан сыңқ еткен күлкі ес­тіледі... Бұл жақта жымың-жымың еткен жеңешелер балаларының тақиясына ия болмаса бешпет, кеудешесіне та­ғылған теңге, қалтасына са­лы­нғ­ан ойыншықтарды қызық­тап, мəз-мəйрам... – Жеңеше, келінге тақия тас­та­майсың ба? – деді бір бойжеткен апама. – Иә, тастайын, – деген апам сіңлімнің тақиясы мен ме­нің көйлек сыртынан киген жеңсіз кеудешемді шешіп, шымылдықтың үстінен асыра жас келін отырған жаққа лақтырды. Ар жағынан біреу қағып алған секілді, сыбырласып жатқандары естілді. Сəл­ден кейін шымылдықтың ете­гі түріліп, біздің заттары­мыз­ды бері қарай ұзатты. Жұрт назары енді бізге ауды. Апам алдымен сіңлімнің тақия­сын алып, басына кигізді. Та­қия­ның алдыңғы жағына тізі­ле тігіл­ген моншақтардың жоға­р­ғы жағынан қадалған хан тең­ге жарқ ете қалды. Менің кеу­де­шем­­нің өңіріне де хан теңге қа­­дап қайтарыпты. – Айналайын, қадамың құт­ты болып, жүзің күмістей жар­қы­рап жүрсін, – деді апам, кө­ңіл­ді даусын шымылдықтан асы­ра. Бізден кейін де біраз тақия шымыл­дық­тың арғы жағына тас­талып, əлі беті де ашылмаған жас келіннің қолымен қадалған хан теңге, қолдан кестеленген ора­мал, сол кездің нешебір əде­мі ойыншықтарымен қоса қай­тарылып жатты. Сол жердегі есін біліп қал­ған майда қыздар мен ұлдардың шы­мыл­д­ықтың а­рғы жағында отырып, бұларға сондай əдемі заттарды сыйлап жатқан жас жеңешенің бетін бір көр­гісі келгенін, əлде ағайындық жа­қындығы, əлде бұрын бар­ған­ды­­­ғы себепті шымылдықтың ар ж­а­­­ғына, жеңешенің қасына отырып ал­­ғ­андарға қызығып та, қызғанып та қарағанын өз бойымдағы сол сəт­те­гі сезімнен білемін. Сол тойдан біз көңілді қайт­тық. Жас келіннің қадаған екі кү­міс хан теңгесі аса үлкен бай­лық болмаса да жақсы ырым, ниет екен. Ал Тəнімсия əжеме бір ауылдың үл­кені деп ілуге кел­ген көйлектің бі­рін ки­гізіп жі­беріпті. Иығы ағара бас­та­ған ескі көйлегін қоржынға салып алып, жап-жаңа көйлек киіп алған əжем де таңертеңгі мен сияқты мақ­та­нып əрі қуанып келе жатты. Біраздан кейін, оң-солы­м­ды танып, əр нəрсеге қызы­ғу­шы­лығым ояна бастаған кез­де ана­мнан шымылдықтың ар жа­ғын­да отырған келінге та­қия тас­таудың мəнісін сұра­ған­­мын. – Жұртымыздың ескіден ке­ле жатқан салты ғой балам, күйе­­уге жөнелткен жақ та оның қал­­тасына біраз нəрсе салып жі­береді, ақша, жеңгелерге орамал деген сияқты, лайықты нəр­селерді. Барған соң қыз жа­ғы­ның жеңгелері ақтаратын күйеу­дің қалтасын қарау деген ырым болады. Қалта деген атауы болмаса ақшадан бас­қасы қоржынға да салына бе­реді. Табылған затты жеңгелер бө­лі­сіп алады. Одан ешкім байып кет­пейді, бірақ бабаларымыздың қал­дырған құдалықты қызықтау үр­дісі ол. Сол сияқты ұзатылған қыз­дың да қалтасы бос кетпеген. Сый­ға­нын қалтасына салып, сый­ма­ғанын орамалға түйіп берген. Жəне оны жеңгелер алмайды, сол тойға келген кішкене балаларға арналған базарлық. Ке­ліннің қолымен тоқылып, кес­теленген орамал, тақияға, беш­петтің өңіріне тағатын неше түр­­лі теңге, моншақтар, қала бер­ді ұсақ ойыншық, келін бар­ған жерінде үбірлі-шүбірлі бо­лсын деген ниетпен ырымдалатын болуы керек. Қалтасынан шық­қан нəрселерге қарап келін­нің төркінінің дəулетін, ал теңге, мон­шақтарды қадағанына, кес­те­сіне қарап қолының ісмер­лі­гін де болжаған... – деп жауап берген еді анам. Менің төрт жасымда жадымда тастағы таңбадай бейнеленіп қалған осы бір жора­л­­ғы бүгінде халық жадынан да ізім-қайым өшіп тынғандай... осы шағын мақаланы дайындау барысында хабарласқан, тіп­ті, өзім құралпы кісілердің өзі көр­дік, білеміз дей алмады... Ал алаңсыз сəби шақтың осы бір әсерлері әлі күнге дейін сарыала сағыныштай санама бұлдырап орала береді. Маңдайлы ҚОСЫМБАЙ АҚТАУ