14 Сәуір, 2011

Отандастарымыздың қауіпсіздігі үшін

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Египет Араб Республикасындағы шетелдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қазіргі жағдайды ескере отырып, ҚР СІМ-і отандастарымызды Каирға және аталмыш елдің басқа да ірі қалаларына бармаса болмайтындардан басқа сапарлардан бас тартуды ұсынады. Сондай-ақ, ҚР СІМ-і қисынды сақтық шараларын ұстанып, елдегі қо­ғамдық-саяси жағдайдан тұрақты хабардар болған жағдайда, Египеттің Шарм-эль-Шейх және Хургада секілді туристік орталықтарына сапар шегу қазіргі кезде отандастарымыз үшін қау­іп­сіз екенін хабарлайды.