14 Сәуір, 2011

Өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қа­сым-Жомарт Тоқаев 11-12 сәуірде жұмыс бабындағы сапармен Нью-Йоркте болып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен, Бас хатшының бірінші орынбасары Аша-Роуз Мигиромен, Бас хатшының Бас Ассамблея істері және конфе­рен­циялық бас­қару жөніндегі орын­ба­сары Мұ­хам­мад Шаабанмен, Бас хатшы­ның экономика және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ша Цзуканмен, Бас хатшының қа­русыздану жөнін­де­гі орынбасары Сержиу ди Кейрус Дуартимен, БҰҰ Бас Ассам­блея­сының төраға­сы Йозеф Дайсспен, БҰҰ Даму бағдарлама­сы­ның әкімшісі Хелен Кларкпен, Бас хатшының Бас Ассамблея істері және конферен­ция­лық бас­қару жөніндегі көмекшісі Франц Бауманнмен және БҰҰ Хатшы­лы­ғының басқа да жауапты қыз­меткерлерімен кездесті. Кездесулер барысында БҰҰ-ның Женева бөлімінің қызметі және оның дүниежүзілік ұйым­ның штаб-пәтерімен өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды, деп хабарлады Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.