14 Сәуір, 2011

Үкімет резервінен қаржы бөлінді

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше кешкілік ел өңірлерінде жұмыс бабымен болып қайтқаннан кейін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2011 жылға республикалық бюджетте қаралған Үкімет резервінен Батыс Қазақстан облысына қаржы бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Қаулыға сәйкес 870 000 000 миллион (сегіз жүз жетпіс миллион) теңге Төтенше жағдайлар министрлігіне Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп,  2011 жылдың көктемгі су тасқы­нының төтенше жағдайларын  жою­ға байланысты халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін нысандарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыс­тарын жүргізу үшін бөлінді. Бөлінген қаржының мақсатты пайдаланылуына бақылау жасау Қаржы министрлігіне жүктелді. Батыс Қазақстан облысының әкіміне 2011 жылдың 10 қараша­сына дейінгі мерзімде  бөлінген қаржының мақсатты пайдаланы­луы жөнінде есеп ұсыну міндеттелді. Қаулы қол қойылған күні­нен бастап күшіне енеді