Енді облыс орталығы Өскемен мен Семейде әр аптаның сенбісінде жәрмеңке ұйымдастырылып, аймақтың аудандарындағы шаруа қожалықтары ет, сүт өнімдерін қызылсырап жүрген қалалықтарға арзан бағада саудалайтын болады.
Қызылсырап деп бекерге айтып отырған жоқпыз, қаланың базарларындағы еттің бағасы удай болғандықтан, шаһар тұрғындары құны қалтасына қолайлы әрі қырдан жеткізілген таза өнімді пышақ үстінен талап әкететінін көріп жүрміз.
«Ең бастысы, бұл жердегі өнімдердің базардағыдан 15-20 пайызға арзан болатындығын, жәрмеңкенің апта сайын өтетінін ел білуі керек. Бұл жәрмеңке дәл уақытында әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылып отыр және ауылшаруашылық өнім-
деріне бағаның өсуіне айтарлықтай тосқауыл болады деп санаймын», деген еді облыс әкімі Даниал Ахметов Ұлан ауданының жәрмеңкесін аралаған кезде.
Жақында Тарбағатай ауданының шаруалары өскемендіктерге өз өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкеде сиыр еті – 1200, жылқы еті – 1300, қой еті – 1100 теңгеден саудаланды.
Жәрмеңкеге аудандағы барлық шаруа қожалықтары жұмылдырылды. Барлық ауылдық округтерден 6 тонна ірі қара, 2 тонна жылқы және 4 тоннаға жуық қой еті мен өзге де өнімдерді әкелдік. Баға қолжетімді, халық ризашылығын білдіріп жатыр, дейді Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Мауадинов.
Қала тұрғындары бұл күні ет, сүт өнімдерін сатып алып қана қойған жоқ, жәрмеңкенің жанындағы сахнадан аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалап, арнайы әзірленген дастарқаннан, ақсуаттық Манап апаның буы бұрқыраған Наурыз көжесінен дәм татты. Бұрын Тарбағатайда еңбек еткен, бүгінде қалада тұратын қариялар да жәрмеңкеге келіп, жерлестерін көріп қауқылдасып, арқа-жарқа болып жатты.
– Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында жәрмеңкенің қайтадан ұйымдастырылып жатқаны жақсы болды. Бұл ең әуелі қарапайым халыққа қажет дүние. Базарға барсаң, атаңның құнын сұрайды. Бүгін, міне, қапшығымды Барқытбелдің баурайынан әкелінген мал етіне қайыстыра толтырып қайтып барамын, дейді қала тұрғыны, зейнеткер Әлімхан Әбдіхалықов.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН
Суретті түсірген
Ғылымбек СӘБИТОВ

Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Кедендік баж төлеудің мерзімі мен тәртібі қандай?
Қоғам • Бүгін, 12:55
Түркістанда инвесторларға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды
Инвестиция • Бүгін, 12:50
Ерлан Қарин Ата заңның басты ерекшелігін атады
Ата заң • Бүгін, 12:42
Сарапшы: Ата заң асығыс жазылған жоқ
Ата заң • Бүгін, 12:35
Әдебиет оқырмансыз өмір сүре ала ма?
Әдебиет • Бүгін, 12:32
Жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын қалай жеңілдетеді?
Білім • Бүгін, 12:20
Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды
Футбол • Бүгін, 12:10
Жолаушыларға ескерту: Пойызда қандай әрекеттерге тыйым салынады?
Қоғам • Бүгін, 12:05
Жұмыртқа мен сары май қымбаттаған: Жетісуда бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан 9 адам сотталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:44
Трамп АҚШ-тың климаттық нормаларына негіз болған құжаттың күшін жойды
Әлем • Бүгін, 11:33
Алматыда есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:19
Шет ауданында жаңа спорт кешені ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:07
Патрульдік полицияны жасанды интеллект алмастырды
Қоғам • Бүгін, 11:00