13 Наурыз, 2017

Facebook-те жаңа функция іске қосылды

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Facebook әлеуметтік желісінің Messenger-інде бір тәуліктен кейін посттарды өздігінен өшіретін функция іске қосылды. Мұндай ақпарат компанияның ресми блогында жарияланды, деп жазады baq.kz.
Аталған қызметке Messenger Day деген атау беріліпті. Енді қолданушы суретке түсіп немесе видеоролик жасап, суретке түрлі стикерлер, эмодзилер мен эффектілерді қосып жариялай алады. Жазба жариялағаннан кейін желі қолданушылары фото немесе видеоны 24 сағаттың ішінде көріп үлгеруі тиіс. Функция қазірдің өзінде барлық iOS және Android қолданушылары үшін қолжетімді. Айта кетейік, Facebook Snapchat-тың бұл идеясын пайдаланған алғашқы әлеуметтік желі емес. Жазбаны өздігінен жоятын қызмет Instagram мен «ВКонтакте» желісінде бұған дейін іске қосылған екен.