13 Наурыз, 2017

Мұнай құлдырады, теңге аздап арзандады

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
KASE-нің таңғы сессиясының қорытындысы бойынша, бүгін, 13 наурыз күні, 1 АҚШ доллары 318,20 теңгеге тең болды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жұма күні доллардың ұлттық валютаға шаққандағы бағамы 317,56 теңге болған еді. Ал Астана уақытымен бүгін таңғы сағат 11:20-да Брент маркалы мұнай құны 0,62 пайызға арзандап, барреліне 51,05 долларға теңесіп отыр. Өткен апта соңы 52,53 долларға дейін төмендеген мұнай бағасының тренді сақталып, апта басын кезекті антирекордпен бастады. Айта кетейік, бұл көрсеткіш 2016 жылдың 30 қарашасынан бергі ең төменгі деңгей ретінде тіркеліп отыр.