14 Сәуір, 2011

Қазақ халқының мерейі

381 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! Алматы аймағындағы ректорлар кеңесі бірлестігінің  құрамындағы 25  жоғары  оқу орындары  мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұжымдары Сізді президенттік  сайлаудағы  жеңісіңіз­бен – Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануыңызбен шын жүректен құттықтайды. Бұл жеңіс, шын мәнінде,  тәуелсіз  жас мем­ле­ке­тіміздің  тағдыры, болашағы  үшін  Сізбен бірге болып, алдағы  асқаралы асулардан  Сізбен  бірге  асуды  мұрат тұтқан  барша  халқымыздың  жеңісі деп ойлаймыз. Сіз мем­лекет  басында  отырған жылдарда  өзіңізді нағыз ел  қамын ойлаған  Елбасы, ұлтымыздың жанашыры, Ота­ны­мыздың патриоты, кемеңгер көсемі  ретінде  таныта білдіңіз. Өз тәуелсіздігінің 20 жылдығына  аяқ басып отырған бүгінгі  Қазақстан үшін жаңа дәуірдің  есігін  ашып  берген Сіздің қажымас қайраткерлігіңіз бен ха­лық­аралық деңгейдегі  абырой-беделіңізді әлем халқы  шын пейілмен  мойындауы  да  қазақ халқының  мерейі.  Сайлауға Алматы аймағындағы жоғары оқу орындары мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық уни­верситетінің профессор-оқытушылар құрамы, қызмет­кер­лері, студенттері де ұйымшылдықпен қатысып, Сіз үшін бірауыздан дауыс берді. Сіздің алдағы кезеңде атқаратын жасампаздық қызметіңізге зор табыс тілейміз. Өзіңіз іргесін қалаған, еңсесін көтерген және дамудың даңғыл жолына түсірген Қазақстанның әлемдік өркениеттер тоғысында көшбасшы мемлекетке айналуы жолында еңбек ете беруіңізге тілектестік білдіреміз. Тәуелсіз Қазақ елінің бақыты үшін туған Өзіңізге мықты денсаулық,  ұзақ ғұмыр, отбасыңызға  амандық, зор бақыт  тілейміз. Құрметпен, Серік ПІРӘЛИЕВ, Алматы аймағындағы  жоғары  оқу орындары  ректорлары кеңесінің төрағасы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор.