Жақында А.С.Пушкин атындағы кітапхананың (www.pushkinlibrary.kz) 115 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан-Ресей кітапханашыларының кәсіби кездесуі, атап айтқанда Шығыс Қазақстан кітапханашылар ассоциациясы мен Сібір өңірлік үздіксіз білім беру кітапханалық орталығының ұйымдастыруымен «Вербалды ақпараттық-іздеу тілін пайдаланып құжаттарды индекстеу» тақырыбында семинар өтті.
Бұл оқуға Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар қалаларының кітапханашылары қатысты.
Семинар еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бағдарлама аясында өтті. Осындай маңызды кәсіби кездесулер кітапхананың біліктілігін көтеріп, корпоративтік рухын нығайтады. Бұл дегеніміз: сауатты кітапханашы – сапалы ақпараттық қызмет деген сөз.
Оңдасын ЕЛУБАЙ.
Өскемен.