Жымпиты ауылының тұрғыны, зейнеткер Төлеген Есмұханов күнделікті әдетімен ұйқысынан ерте оянған соң, қорадағы малдарын өріске шығармақ болады.
Малдарды кезекпен айдап, есіктен шығарып жүргенде ол жем-шөп салатын шағын астауша ішінен тынымсыз шықылықтаған балапандардың үні, іле-шала қанатын сабалап, балапандарын жанұшыра қорғаған жабайы үйректі көріп, аң-таң түрде тұрып қалыпты. Ғажап! Даланың жабайы үйрегі ауылдың ортасындағы үйдің қора-жайына қалай келді, осы жерге ұясын салып, балапандарын өрбітуінде қандай сыр бар екен?!
Таң-тамаша күйде қалған Төлеген астауша ішіндегі малдың қалдық шөбіне ұя салған дала үйрегінің балапандарын қамқорлыққа алып, шағын ыдысқа су құйып, жем салып қоюды да ұмытпады. Бәлкім, балапандар жем жеп дағдыланса, бағымға ұстауға болар ма еді деген ойдың да келгені рас.
Бірақ, ертеңгісін бәрі де басқаша болды. Ыдысқа құйылған жем-суға ауыз да тигізбеген үйрек балапандарын соңынан ертіп, кең далаға мамырлай басып кете барыпты.
Зейнеткер Төлеген Есмұханов маусым айында мал қорасы ішінен он балапанын өрбітіп, өз мекеніне аман-есен аттанып кете барған дала үйрегінің бұл келісінің себебін түсінбесе де шаңырағында бақыт құсы қонғандай жақсылыққа жорып отыр. Лайым шынында жабайы үйректің бұл жұмбағы берекеге бастай бергей.
Мүсірбек АЙТАШЕВ
Батыс Қазақстан облысы,
Сырым ауданы

«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10
«Травиата» тағы да таңғалдырды
Театр • Бүгін, 09:55
Өнер • Бүгін, 09:50
Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Мирас • Бүгін, 09:35
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30
Солтүстік спортындағы соны серпін
Спорт • Бүгін, 09:25
Балалар құқын қорғайтын басқарма
Шымкент • Бүгін, 09:20
Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»
Құқық • Бүгін, 09:15
Классикалық үлгіге қосылған еңбек
Әдебиет • Бүгін, 09:10
Руханият • Бүгін, 09:05