Демократия жолындағы қарышты қадам
Біздер, заңгерлер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған конституциялық реформаларды талдап, оған қызығушылық білдіріп келеміз. Бұл реформаның басты мақсаты билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу болып табылады. Дәлірегі, Президенттің бірқатар өкілеттіктерін Үкімет пен Парламентке беру арқылы, атқарушы билік пен заң шығарушы биліктің халық алдындағы жауапкершілігін күшейту басты назарда. Жалпы, аталған реформа атқарушы билікті уақыт талабына сай құруға, оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде елді жоғары деңгейде дамытуға жол ашады. Елдегі саяси жүйе, институттар, компаниялар уақыт талабына сай бейімделуі тиіс. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қол қойып бекіткен жаңартылған Конституция енді өмірдің өзі күн тәртібіне шығарған міндеттерді жүзеге асыруға жәрдемдесетін болады. Реформа бойынша, экономикалық-әлеуметтік саланың жұмысы Президент құзыретінен Үкіметке берілді. Бұдан бөлек, жергілікті әкімдіктердің де жауапкершілігі күшейтіліп отыр. Бұл өз кезегінде атқарушы билік пен халықтың арасын жақындата түседі. Қалай десек те, Қазақстандағы конституциялық реформа дер кезінде жүзеге асырылды деп санаймыз. Ол өзінің жемісін беретін болады. Бұл – ақылмен ойластырылған, халықаралық тәжірибелерге сүйенген, өзіндік бағыты, сипаты бар реформа. Осы реформалар аясында атқарылып жатқан шаралардың барлығы Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына, жаңғыруына, мемлекеттік басқару жүйесінің жаңа тиімді тәсіліне көшуге мүмкіндік береді. Бұл – Қазақстанның демократия жолындағы қарышты қадамы. Жоан Мануель ТРАЙТЕР, Испания Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, Жирон университеті жария құқық кафедрасының профессоры«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10
«Травиата» тағы да таңғалдырды
Театр • Бүгін, 09:55
Өнер • Бүгін, 09:50
Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Мирас • Бүгін, 09:35
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30
Солтүстік спортындағы соны серпін
Спорт • Бүгін, 09:25
Балалар құқын қорғайтын басқарма
Шымкент • Бүгін, 09:20
Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»
Құқық • Бүгін, 09:15
Классикалық үлгіге қосылған еңбек
Әдебиет • Бүгін, 09:10
Руханият • Бүгін, 09:05