14 Наурыз, 2017

Балдырғандарға барлық жағдай жасалған

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазіргі таңда шынында да мемлекет алдында аса күр­делі міндет тұр. Кәсіпкерлік­ті дамы­туға мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясын кеңейту зор мүмкіндік береді. Өзектілік – бірқатар мемлекеттік қыз­меттер көрсету міндетін биз­неске беру ісіне қатысты бо­лып отыр­ғаны рас. Мемлекет мек­теп­ке дейінгі оқыту мен тәрбие ісі­нің дұрыс жолға қойылуын қам­тама­сыз етуде. Өткен 3 жылда мем­лекет 40 мың орынға арналған 189 ба­ла­бақша салса, жекеменшік сек­тор 100 мың орынға арнал­ған 1300 бала­бақша ашты. Мен үшін осы сектордағы мемлекет-жеке­меншік әріптестігінің үлгісі өте маңыз­ды. Бұл аса маңызды жалпы­ұлт­тық міндеттердің бірі – 3-6 жас аралығын­дағы балаларды мек­тепке дейінгі білім берумен 2020 жылға қарай жүз пайыз қамту мәселе­сін мемлекет пен биз­нес бір­лесе шешіп отырғанын көр­се­теді» делінген биылғы Ел­ба­сы Жолдауында. Семей қала­сын­­да да соңғы кезде көптеген ба­ла­­ларды дамыту орталықтары, бала­­­бақшалар ашылып жатыр. Әсіресе, халық көп қоныстанған «Юность», 343 және 35-квартал аудан­дарында ашылған соң­ғы үлгі­дегі балаларды дамыту ор­­та­­лығ­ында мектепке дейінгі тәр­бие, оқыту саласы оңтайлы жол­ға қойылған. Бұл орталықтарға кел­ген балаларға қазақ тілімен қа­тар, ағылшын тілін меңгерту де жас ерекшелігіне сай қолға алын­­ған. Әрине, қазақ және орыс топ­тары­ның тәрбиешілері бал­дыр­ған­дар­ды жан-жақты дамытып, өсіруге атсалысуда. «Жұмыла көтер­­ген жүк жеңіл» демекші, әр аза­­мат Елбасы Жолдауындағы тап­сыр­­ма­лар мен міндеттерді орын­дау­да өзін­дік үлестерін қосуы қажет. Наталья ФЕСЕНКО, Семей қалалық білім бөлімінің бастығы СЕМЕЙ