Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын-шашын болып, қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Ақмола облысында тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, әрі көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлері тұманды болып, түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз жаяу бұрқасын болып, көктайғақ болуы мүмкін.
Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артуы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде және таңертең желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Маңғыстау облысында, Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.