15 Сәуір, 2011

Көне мен жаңа үйлесім тапқан

1152 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Үндістанды зерттеу мен сипаттау, Үндістанның бірегей алуан түрлілігін оқып-тану теледидардың неше түр­лі ар­на­ларын қараған тәрізді, әр­қайсысы жеке бір әлем. Тарих пен жағрапияның осын­дай үн­десуін әлемнің қай түп­кірінен де іздеп таба алмай­сыз. Түс­тер, тал­ғамдар, көз­қарас­тар мен дыбыс­тардың үйлесуі – тек Үндістанға ғана тән ерекше қасиет болса керек. Үндістанның «алуан түрлілігіне қарай бірегейміз» – елдің өзі мақтан тұтатын ұлттық ұраны, біз оны аттап өте алмаймыз. Мұнда үндістер мен мұ­сыл­мандар, сикхилер мен буддизмді ұстану­шылар, ауыл мен қала халқы, бой көтерген зәулім ғимараттар мен халқы тығыз қо­ныстанған түкпірлер, өгіз жегілген арбамен немесе метромен жүру, жаңа техноло­гия­ларды пайдалану мен үйде шырақ жағу тәрізді ежелгі салт-дәстүрлер мен қазіргі тіршілік әрекеті тығыз үйлесім тапқан. Осы елде тілге шорқақ адамдарды миллиондап кездестіруге болады, Үндістан тәріз­ді этностық және мәдени алуан-түрлілігі жағынан бай ел әлемнің еш жерінде жоқ; халық 28 тілдің 1600 диалектісінде сөй­лей­ді, әрбірі тіл ерекшеліктері, киім үлгілері, тағамы мен мәдениеті жағынан бір-бірінен өзгеше келеді. Осындай айырмашылық кей­де жанды түршіктіріп қана қоймай, шиеленістіре түседі, мұны мойындағанымыз жөн. Үндістан – осындай бір-біріне қа­ра­ма-қайшы нәрселердің үйлескен жері. Мем­лекеттің алғашқы Премьер-министрі Джавахарлал Неру осыған орай: «Берік және көзге көрінбейтін баулармен түйін­дел­ген мемлекет... Ежелден аңызға айнал­ған осы елдің сиқыры басыңызды айнал­ды­рып та кетеді. Үндістан – қиял мен дақ­пырт, арман мен көксеу, шынайылық пен жасандылық қатар көрініс беретін бірден-бір мемлекет», деп сипаттама берген. Шынында да Үндістан – ежелгі халық да­налығы, философия мен рухани ой-пі­кірлер, түрлі діндер мен тілдер тоғысқан мемлекет. Осымен бір мезгілде 4 500 жыл бойы қа­лып­тасқан тарихы бар ел. Алайда, мұнда әлі күнге дейін жылан­дарды дуалау­шылар, қа­йыр­шылар мен тақыр кедейлер тіршілік етеді. Әлемде беделі артып келе жатқан Үнді­станның қазіргі басты кейпі мынадай: бай­лары­ның саны 300 миллионнан асатын, жедел қарқынмен дамушы эконо­микасы бар, мил­лио­нерлерінің саны жағынан АҚШ-тан да алда келе жатқан, әлемнің ең танымал корпорациялары мен қаржы ұйымдары инвестиция салған мемлекет. Оған қоса, елде демократия барын­ша кең қанат жайған. Шынымен де, ел экономикасындағы түбе­гейлі өзгерістердің арқасында қа­йыр­шыға толы мемлекет деген таптаурын пікір кейінге ысыры­лып, қазір Үндістан әлем­дегі ең жаңа, демо­кра­тиялы мемлекет­тер­дің қа­та­рына қосылып отыр. Елдің алуан түр­лі­лі­гіне қарамастан, Үндістан әлемдік дең­гей­ге көтеріліп келеді. Кең-байтақ елдің (аумағы жөнінен әлемде 7-ші орында) этностық алуан түр­лілігіне қарамастан, конститу­ция­лық құры­лымы бір мем­лекетке сапарға шыққанмен бірдей. Әлемдегі ең биік тау – Гималай шың­дары­ның баура­йын­да жатқан Үнді­станның сан алуан­ды­ғына таңдай қақпасқа болмайды. Талай ақындар елдің солтүстігіндегі Кашмирге өз жырларын арнаса, ал саяхат­шы­лар болса, Үнді­станға «жердегі жұмақ» деген сипаттама берген. Шынында да, қар жамылған тау шыңдары, ғажайып көлдері, шегі жоқ орман­дары, форель балығы жүзетін мөлдір сулары ас­тас­қан көрініс­тердің адам бойына рух беретіні анық. Үнді­стан­ның солтүстігіндегі Пенджаб, Химачал, Уттаранчал, Уттар-Прадеш тә­різ­ді штат­тары тамыл­жы­ған табиғатымен ерекшеленсе, шығы­сындағы Батыс Бенгал мен Сикким де Гималай тау тізбектері және Үндістанның Британиядан тәуелсіздік ал­ға­нын айшықтайтын сәулет өнері­нің үлгі­лері адамға өзінше бір әсер береді. Елдің оң­түс­тігіне қарай саяхаттап шық­саңыз, жер бедері, сәулет, салт-дәстүрлер, адамдар олар­дың киім үлгілері, бәрі-бәрі бір мезетте өзгеріп шыға келеді. Гималай тау шың­дарынан бастау алатын ірі өзен­дері­мен әйгілі Үнді­станның өзегіндегі шал­ғындар бойымен саяхат жасау бір ғани­бет. Үндістанның ежелгі мифоло­гиясы бо­йын­ша, солардың ең өзгешесі – Ганг өзені. Миллион­даған діндарларды қызықтырып, адамның бойына рухани күш беретін Варанаси қала­сына, сондай-ақ даналар мен гурулар медитация жасаудың, спиритизм мен йо­ганың ежелгі әдістеріне үйрететін солтүс­тіктегі Ришикеш пен Харидварға үндістер мен шетелдіктер көп жиналады. Варанасиге жақын жерде басқа спиритизм орталығы – Сарнатх орна­лас­қан, мұнда Будда өзге сенімділер үшін өсиетті сөз­де­рін ба­­ғыш­та­ған. Оң­түс­тікке қа­рай со­зылған өзен жа­ға­лауы хал­қы­ның мә­дениеті, та­рихы, сәу­леті мен қор­ша­ған ор­тасы ел­дің басқа өңір­лері­не мүл­дем ұқ­са­­май­ды. Дәл осы өңір – көне дәуір мен қа­зіргі заман­ның то­ғыс­қан же­рі. Ченнаи – әлем­­нің ең ірі авто­кө­лік өн­ді­ру­шілері мә­ши­­не­лері­не арнап қо­­сал­қы бөл­шектер шы­­ға­ра­тын қа­ла, ал Бангалор қа­ласы – бағ­­дар­лама­лық жаб­дықтау парк­­тері­мен және жа­ңа тех­но­ло­гия­лар­­да­ғы инно­ва­ция­ла­ры­­мен таны­мал. Көр­­шілес Керала қа­ла­сы ұр­пақ­тан ұр­паққа құ­пия сыр бо­лып келе жатқан дәс­түрлі терапия мен шөп тұн­ба­ла­рынан дәру­мен да­йы­ндай­тын ерекшелігімен белгілі. Мұн­­да кел­сеңіз ке­ме бор­тындағы ас­пазшы­лар теңіз өнім­­д­ері­нен тамақ дайын­да­ған мезетте қа­йық­тағы үйде жа­тып дема­луы­ңызға болады. Елдің көлде­неңі­мен созылып жатқан ну ормандарда өсім­діктер қап­тап өссе, оның ішінде жол­ба­рыс­тар, мүйіз­тұм­сықтар және мысық тұ­қым­дас басқа аң­дар­дың түр-түрі тіршілік етеді. Джип мә­ши­нелеріне не пілдерге мініп сафариге шығып, корольдік Бенгал жол­бары­сын не азиялық арыс­танды өз көзіңізбен көруі­ңіз­ге болады. Эколог ғалымдар мен тыныш­тық­ты, орман­ның табиғи көркін сүйетіндер үшін «Үнсіз алқап» деген қа­лың тропикалық ор­ма­ндар­дың сиқырлы шы­мыл­дықтарымен орал­ған «Сайлент Валлей» ұлттық саябағын ара­лау­ға мүм­кін­дігіңіз зор. Солтүстік Үнді­стан­ның Нилгири тау сілемдеріндегі және сол­түс­тік-баты­сын­дағы Гат тауларының бау­ра­йындағы сая­бақтарда жабайы ормандар өседі. 237,52 шар­шы километрге созылған сая­бақ – небір таң­қа­ларлық хайуанаттар, эк­зо­тикалық жануарлар мен өсімдіктер әлемі­нің тіршілік өлкесі. Ал­қап – сыр мен құпияға то­лы тропи­калық ор­манда адамзаттан көп бұ­рын, тіпті осыдан 50 миллион жыл бұрын пай­да болған био­ло­гия­лық-геогра­фиялық ДНК көптеп кездеседі. Меңіреу тыныш­тықта өсетін өсімдік­тер мен өмір сүретін хайуа­нат­тардың, құстар мен жәндіктердің мұндағы түр­л­ерін әлемнің еш аймағынан кездестіре алмайсыз. Ормандар мен шөлейттерден теңіздерге дейін созылған физикалық алуан түрлілік бір көрген адамның есінде мәңгі сақталатыны даусыз. Шынында да, баршаны және келуші туристерді қызықтыратын Үндістанның те­ңіз жағалаулары болып табылады. Елдің кар­тасы үшбұрыш пішінді, ең биік нүктесі Куниакумари мүйісіне келеді, мұнда үш ірі су бассейні – Араб теңізі, Үнді мұхиты және Бен­гал шығанағы түйіскен. Үнді­станның батыс жағалауындағы Араб теңізі өзінің сұ­лу­лығымен әркімді құштар етіп, там­сан­дыра­ды. Мұнда жоғары сапалы шипажайлар жүйесі салынған. Махарастрадағы Гуджарат пен Гоа да бірегей қоршаған ортасымен, таға­мы­мен, әйгілі жағажайларымен ерекшеленеді. Қазіргі уақыт­та Гоа үндістер мен шетелдіктер қыс мезгілінде демалуға келетін орын болып табылады. Екіншіден, те­ңіз­дің шығыс жаға­лауы келушілердің көбін жағажайларымен ғана емес, сондай-ақ кө­рік­ті де шығу тегі Үндістан мифо­логия­сы­мен байланыстыры­латын ежелгі ғибадат­ханасымен қызықты­рады. Тамил­над­тағы Махабалипурам ағашқа ою салу өнерімен, граниттен Махабхарат пен Раманай суреттері қашалған көрікті ғиба­дат­ханалары­мен және екі аяқты арбала­ры­мен, Үндістанның ең танымал эпика­лық дас­тан­дарымен белгілі. Жағалаудан жоға­ры қарай беттесек, Конаракта екі аяқты төрт атқа жегілген арбалар салынған Қара Кагода деп аталатын Күн ғибадатханасы орна­ласқан. Жағалаудың арғы жағында тамаша жағажай­лары­мен, ежелгі ғасырлар­дан бастау алатын әсем ғибадатхана­лары­мен көпті баурай­тын үнді қажылығының ең киелі орталық­тарының бірі – Пури орналасқан. Теңізге қарай саяхат жасасаңыз, әлем кере­метінің бірі әрі бірегейі – Андаман не Лакшвадвип аралдар тобы шо­ғырланған архипе­лагты көресіз. Мұнда сіздің алды­ңыз­дан ну мангр ормандары мен кіршіксіз мөлдір теңіз суы не су асты бетпердесі арқылы анық көрінетін мың­даған түсті және пішінді маржан рифтердің көрініс­тері ашылады. Андаман аралдарында салт-дәстүрі Тас дәуірінде қалыптаса бастаған көне тайпалар қоныстанған; олар әлі күнге дейін садақпен аң аулайды. Үндістанның солтүстігіндегі Раджас­т­хан атадан балаға мирас болып келе жат­қан салт-дәстүрлер, мейрамдар мен сал­та­натты рәсімдері­мен белгілі штат болып та­былады. Осы алтын ғасырдың сәулет өнері­нің сән-салтанаты Үнді­станға келуші әрбір жанды тамсандырса, мұнда көне қор­ғандарымен және тісті қабырғалары­мен есте қалатын құрылыстар да бар­шылық. Жыл сайын өткізілетін Джайсалмер дәс­түр­лі түйе жәрмеңкесі елдің түкпір-түк­пірінен келушілерді өзіне магниттей тарта­ды. Қысқасы адамдар барлық іздеген нәрсесін осы Үндістаннан таба алады, бұл ел осы­нысымен де бай. Үндістан – көне мүсіндер мен суреттер сақ­талған қазыналы қойма. Аджантада оларды 2000 жыл бұрын емес, жуырда ғана салған сияқты болып көрінетін жақсы сақталған жартастағы суреттерден анық көруге болады. Көршілес Элло­ра­дағы қа­шап салынған ою-өрнектер мен ғибадат­хана­лар сияқты кешендер­дің сәулетті құры­лыс­тары өнер ескерткіш­тері­нің тарихы да көне замандарға кетеді. Олар негізінен ми­фологиялық құдайларға арнап салын­ған. Ең әйгілі және шет елдерде ең танымал ғибадатханалар кешені Хаджурахода, орта­лық Үндістандағы Мадья-Прадеште тұр­ғы­зылған, мұнда діндар көңілдестер мен ғиба­дат­хананың зинақор әйелдерінің сезімге берілген тұстары көне замандарда қанат жайған имансыз қоғамды бейнелейді. Каджурато ғиба­датханалары біздің дәуі­рі­міздің 950 – 1150 жылдары ара­лығында, яғни 200 жыл бойы са­лынған екен. Олар Камасутра деген төсек ләззаты туралы ең әйгілі трактаттың негізін құрайды. Үндістан көне қазы­на­лары көп болғанымен, саяси және тарихи жағынан алып қарағанда біршама жас мемлекет, 63 жыл бұрын ғана тәуел­сіздігін алған. Қазіргі күні Үн­дістан – көне мен жаңа үйлесім тапқан, со­нысымен де көп­шіліктің назарын ау­даратын мемлекет. Дилип БОББ.