15 Сәуір, 2011

«Жарқын болашақ» – жастарға жол ашты

632 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі – ұлы даланы мекен еткен бай­ыр­ғы қазақ халқы мен қазақ­стан­дық басқа да ұлт өкілдерінің тарихи тағдырын тоғыстырған, тең­дік пен татулықты ұстана оты­рып, бейбіт қоғамды қалыптас­тыруға қол жеткізіп отырған бір­ден-бір ұлы рәміз. Елбасы Н.Ә.На­зарбаев: «Біздің, бүкіл қа­зақ­стандықтардың басын біріктіретін басты фактор – мемлекеттік тіл. Қазақ халқының туған тілін дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», – деп мемлекеттік тіл мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Оның үстіне биыл еліміз үшін ерекше атаулы жыл, ол – елі­міздің тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы.Осыған байланысты КАТЕV халықаралық қоғамдық қоры ІІІ республикалық «Жар­қын болашақ» атты қазақ тілі олимпиадасын өткізді. «Жарқын болашақ» олим­пиа­да­сы 3 кезеңнен тұрады. Аудан­дық, қалалық, республикалық ке­зең (финал). «Жарқын болашақ» III республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының аудандық жә­не облыстық іріктеу кезең­де­рі­не 1118 мектептен 5856 оқушы қа­тысты. Солардың ішінен 247 оқу­шы ақтық бәсекеге жолдама алды. Үш айға созылған бұл интел­лектуалдық доданың қорытын­ды­сы Астанадағы ең сәулетті ғи­мараттардың бірі Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Жи­налған оқушылардың барлығы алдымен бәйгеге емес, ортақ тіл табысып, қазақ тілінің мәрте­бе­сін биіктетуге үлес қосқандары үшін қуанған тәрізді.Тіпті әлем­нің танымал тұлғалары табан тіреген сарайға келіп, салтанатқа қатыса алғандарының өзін ба­қыт­қа теңеп жатқан балалар да аз емес. Алайда әр доданың шешуші кезеңі мен біреуді қуан­тып, біреуін қапы қалдырып жататын тұсы да бар емес пе. Жетістіктері үшін жас өрендерді марапаттау кезі де келіп жетті. Салтанатты марапаттау кеші­нің шымылдығын Семей қала­сы­ның Достық орта мектебінен кел­ген жас әнші Мадина Абуғалиева «Отырардағы той» әнімен ашты. Кешті жүргізу тізгінін та­ны­мал актер Ғани Құлжанов алды. Олимпиаданың бас жүлдесі Атырау облысы, Индер ауданы­ның Махамбет орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жаңбырбаев Бекқайырға бұйырды. Осы кеш­тің ең «тосын сыйы» деп атауға болар, 11-сынып бітіретін 20 оқу­шыға Сүлеймен Демирел ат­ын­дағы университет гранты та­быс етілді. «Жазушылар» кон­кур­­сы бойынша І-орын Әбіш Зерде, Павлодар қаласы, Ы.Ал­тын­сарин атындағы гимназия-мектебі, «Ән­ші-бұлбұлдар» конкурсы бойын­ша І-орын Ретбаев Бауыр­жан, Маңғыстау облысы, С. Жан­ға­бы­лов атындағы орта мектеп оқу­шысы, «Әнші-бұлбұлдар» (өз­ге ұлт өкілдері арасында) кон­кур­сы бойынша І-орын Ревкова Александра, Атырау, Қызылқоға ауда­ны Кенбай орта мектеп оқу­шы­сы, «Тіл білімі» конкурсы бой­ын­ша І-орын Cалиық Нұрлан, Ақ­мола, Көкшетау қазақ-түрік ли­­цейі, «Тіл білімі» конкурсы бой­ынша І-орын (өзге ұлт өкіл­дері) арасында Швырков Алексей, Қа­рағанды қаласы дарынды бала­лар­ға арналған облыстық қа­зақ-түрік ерлер лицей-интер­на­ты, «Сөз мәнері» конкурсы бой­ынша І-орын Төкеев Есбол, Ақ­мола облысы, Көкшетау қала­сы №14 мектеп, «Сахна саңлақ­та­ры» конкурсы бойынша І-орын Жам­был облысы, Тараз қаласы, Н.Тілендиев атындағы мектеп-интер­на­тының оқушыларына тиді. Расол ДАРИЯ, «Нұр Орда» қазақ-түрік лицейінің мұғалімі.