15 Сәуір, 2011

Ықыласты құттықтаулар, ізгі тілектер

456 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан На­зар­­баев­­тың атына мемлекет, үкімет бас­шы­ла­ры­нан, халық­ара­лық ұйым­дар­дың жетекші­ле­рінен сайлаудағы жеңі­сі­не бай­ла­нысты құттықтаулар келіп түсуде. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Чех Республикасының Президенті Вацлав Клаус құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Құрметті Президент мырза, Сізді Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен Чехия азаматтарының және өзімнің атымнан құттықтауға рұхсат етіңіз. Сізге, құрметті Президент мырза, денсау­лық және табыстар тілеймін. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевты президенттік сайлаудағы сенімді же­ңісімен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі Дэвид Кэмерон құттықтады. Құт­тықтауда былай делінген: Құрметті Президент мырза, Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызға байланысты өзімнің шынайы ниетімді білдіруге рұқсат етіңіз. Біріккен Корольдік Қазақстанмен мықты, ашық және дамып келе жатқан қатынастарды бағалай біледі. Мен біздің елдеріміздің екіжақты ынтымақтастығының барлық бағыттары бойынша байланысты нығайтуды жалғастыруды тағатсыздана күтемін. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сайлаудағы сенімді же­ңісімен және ұлықтау рәсімінің өтуімен Бель­гия Королі Альберт II құттықтады. Құт­тықтауда былай делінген: Құрметті Президент мырза, Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі мандатқа қайта ие болуыңызға арналған ұлықтау рәсімінің өтуіне байланысты құттықтауымды, сондай-ақ Өз өкілеттігіңізді іске асыруда ең игі тілегімді білдіргім келеді. Барлық қазақстандықтарға шын көңіліммен бейбітшілік, келісім және игілік тілеймін. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Бруней Мемлекетінің Сұлтаны Даруссалам Хассанал Болкиях  құттық­та­ды. Құттықтауда былай делінген: Жоғары мәртебелі, Сізді Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің қызметіне қайта сайлануыңызбен құттық­тауға рұқсат етіңіз. Біздің екіжақты қатынас­тарымыз, сондай-ақ ИКҰ аясындағы ынты­мақтастық алда да дамитынына сенемін. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сайлаудағы тамаша же­ңісімен Сауд Ара­биясының Королі Абдалла Бен Абдел Азиз Әл Сауд құттықтады. Құттықтауда былай делінген: Құрметті Президент мырза, Сіздің президенттік сайлаудағы жеңісіңізге байланысты Сауд Арабиясы Корольдігінің үкіметі мен халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге шын ниетті құттықтауымды, сондай-ақ Сізге, Жоғары мәртебелі, зор денсаулық пен бақыт, достас Қазақстан халқына одан әрі гүлдену мен прогресс тілеген игі тілегімді жолдағаным үшін қуаныштымын. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы теңдессіз жеңісімен Сауд Арабиясы Корольдігі Премьер-министрінің орынбасары, тақ мұрагері Сұлтан Бен Абдел Азиз Әл Сауд та құттықтады.