16 Сәуір, 2011

Нұротандықтар көмегі

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше «Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратында Батыс Қазақстан облысында орын алған су тасқынына байланысты селек­торлық кеңес өтті. Апат сал­дары­нан 8 мыңнан астам адам көші­ріл­гені белгілі. Мемлекет басшы­сы Н.Назарбаевтың тапсырма­сы­на сәйкес зардап шеккендерге кө­мек көрсету үшін Үкімет 870 млн. теңге бөлді. Кеңес барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші  орын­басары Нұрлан Нығма­тул­ин «Батыс Қазақстан облысын­дағы апатты жағдай ешкімді де бей-жай қалдырмады. «Нұр Отан» да Президент партиясы ретінде Мемлекет басшысы, партия­мыз­дың Төрағасы  Нұрсұлтан Назар­баевтың зардап шек­кендерге кө­мек көрсету  тура­лы үндеуіне бірден қосылды. Бүгін барлық партия  қызметкерлерінің бір күндік жалақысын аудару ту­ралы шешім қабылданды. Соны­мен қатар, пар­тияның аймақтық филиал­дары киім­­дерді қабылдау жөніндегі пункттерді ұйымдастыру жұмы­сын  жүргізіп жатыр, ал «Жас Отан» құ­рылыс  жасақтары апат зардаптарын жою жөніндегі об­лыстық штабтың басшылығымен Орал қаласында  бүгінгі күннен бастап өз жұмысын бастады», – деп атап өтті. «Егемен-ақпарат».