«Қазақстан батыл инновациялар өмірге жолдама алып, ғылыми зертханалар мен қазіргі заманғы өндірістерде тән мен қанға ие болатын елге айналуы тиіс». (Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылдың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісу салтанатында сөйлеген сөзінен).
Инновациялардың тұрақты дамудың негізгі ресурстарының біріне жататындығын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Осыған орай Мемлекет басшысының болашақта Қазақстан үшін неғұрлым перспективалы деген онын іріктеп алып, жүзеге асыру үшін «жүз абсолютті инновацияларды» іздеу туралы берген тапсырмасы ерекше маңызға ие бола түседі.
Елдің инновациялық әлеуетін жетілдірудің мұндай моделі өнімдері ішкі және сыртқы рынокта сұранысқа ие болатын серпінді инновациялық жобаларды инвестициялау арқылы ғылымды қажет ететін, техникалық тұрғыда күрделі бұйымдарды «нүктелік» жасау шеңберінен шығуға мүмкіндік береді. Статистика агенттігінің мәліметтері көрсеткендей, елдегі инновациялық өнімдердің ІЖӨ-дегі үлесінің 2004 жылғы 1,27 пайыздан 2009 жылы 0,51 пайызға дейін төмендеуі аясында Президент Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық нұсқауы тек көкейкесті ғана емес, сонымен бірге өмірлік қажеттілікке де айналуда.
Инновациялық даму бойынша белгіленген бағытпен алға жылжу үшін базалық жағдайлар бар.
«Ғылым туралы» Заңның қабылдануы арқасында ғылыми әлеуетті тиісті жұмысқа ырғақты түрде тарту үшін ұйымдық, институттық, қаржылық тетіктердің кешені жасалды. Атап айтқанда, ұлттық ғылыми инновациялық жүйені, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытуды экономикалық ынталандыруға мемлекеттің кепілдік беруі, экономиканың басым секторларындағы технологияларды коммерцияландыруды қаржыландыру заңдық деңгейде бекітілді.
Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті басқарудың нақты құрылған жүйесі инновациялық тұрғыда қызығушылық туғызатын бір де бір талдаудың назардан тыс қалмайтынына кепілдік болып табылады.
Сол сияқты 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын, елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми технологиялық дамуының салааралық жоспарын, Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдары инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыруға ықпал жасау жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға қосымша ғылыми ресурстардың тартылуы мүмкін екендігі де өте маңызды.
Қазіргі уақытта Үкімет шешіміне сәйкес Қазақстанда инновациялық қызметке қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысатын бірқатар инновациялық даму институттары жұмыс істеуде. Солардың бірі 2006 жылы құрылған «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы болып табылады. Оның құзырына төмендегі міндеттер жатады:
• дербес немесе өзге де инвесторлармен бірлесіп, соның ішінде ұсынылған гранттар арқылы да, жобаларды қаржыландыру;
• НИОКР-ді өмірге енгізуге байланысты жобаларды жүзеге асыруға қатысу;
• ғылыми өнімдер мен қызметтердің тиімді, транспарентті рыногын құруға ықпал ету.
Бұл жағдайда мыналар Ғылым қорының инвестициялық қызметінің басым бағыттары болып табылады:
• нанотехнологиялар мен жаңа материалдар;
• биотехнологиялар;
• көмірсутегі және кен-металлургия секторлары мен солармен байланысты сервистік салалар үшін технологиялар;
• ядролық технологиялар мен қайта қалпына келетін энергетика технологиялары;
• ақпараттық және ғарыштық технологиялар.
Сонымен қатар Ғылым қоры инвестицияларының жаңаларды құрып, сол сияқты бұрыннан бар технологияларды, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жетілдіру бағытындағы өзге де инновациялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалуы мүмкін.
2008-ден 2010 жылға дейінгі кезеңде Ғылым қорына барлығы қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар қолданбалы және инновациялық сипаттағы бастамашыл және тәуекелді зерттеулерге 35,3 миллиард теңгеден астам 575 тапсырыс келіп түсті.
Келіп түскен тапсырыстардың жалпы саны ішінен Ғылым қоры қазіргі уақытта инвестициялар көлемі 2,8 миллиард теңгеден асатын 33 жобаны жүзеге асыруда. Гранттар беру арқылы 22 жоба 250 миллион теңгеге қаржыландырылды. Сомасы 2,59 миллиард теңге болатын 11 жоба бойынша Ғылым қоры салған қаржыны сатылап кері қайтару қарастырылған, ол оларды ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға қайтадан бағыттауға жағдай жасайды. Қазірдің өзінде жобаларға салынған қаржыларды қайтару жөніндегі алғашқы транштар жүзеге асырылуда.
Жас ғалымдарға қолдау көрсету және оларды ғылыми қызметке одан әрі ынталандыру мақсатында Ғылым қоры «Шарықтау» конкурсын өткізді. 2008 жылы келіп түскен 88 өтініштің ішінен 1 миллион теңгеден гранттар алған 8 үміткер жеңімпаз болып белгіленді.
Сонымен бірге Ғылым қоры 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде инновациялық гранттар беру үдерісіне де қатысады. Конкурстық процедуралар қорытындысы бойынша Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ғылым қорын төмендегі екі бағыт бойынша сенімді ұйым ретінде белгіледі:
• тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды немесе қолданбалы сипаттағы тәуекелді зерттеулерді орындауға инновациялық грант ұсыну;
• инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға инновациялық грант ұсыну.
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жариялаған конкурс шеңберінде Ғылым қорына гранттар алу үшін 275 өтініш келіп түсті. Тиісті комиссияда сараптамадан өтіп, қаралғаннан кейін 28 жоба бойынша сомасы 697,4 миллион теңге болатын инновациялық гранттар ұсынылды.
Сенімді ұйым қызметін көрсете отырып, Ғылым қоры аталған жобалардың жүзеге асырылуына тұрақты мониторинг жүргізіп отыратын болады. Оның сыртында сенімді ұйымның инновациялық гранттар ұсыну жөніндегі қызметіне үстіміздегі жылдың наурызында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жариялаған кезекті конкурсқа қатысу да жоспарланып отыр.
Ғылым мен инновациялар саласындағы мемлекет-жеке меншік әріптестігін дамыту Ғылым қоры айрықша назар аударған бағыттардың бірі болып табылады. Мемлекет-жеке меншік әріптестігінің бизнес қауымдастықты тарта отырып, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды енгізу проблемаларын шешуді көздейтіні белгілі. Жеке әріптестердің Ғылым қорымен жүзеге асырып жатқан қайтармалы жобаларға бірлесіп қатысуы бүгінде 30 пайыздан астамды құрайды.
«Көмір-газ табиғи жүйесін құрылымсыздандыру негізінде көмір кен орындарынан метан алу технологиясын ашу үшін ғылыми-техникалық әзірлемелер енгізу» жобасы Ғылым қорының мемлекет-жеке меншік әріптестігі принципін қолдануына неғұрлым көрнекті үлгі бола алады. Оны жүзеге асыру елді мекендер мен инфрақұрылым нысандарын газдандыруға бағытталған, көмір қыртыстарындағы метанды пайдалануға, сол сияқты өнеркәсіп кәсіпорындарын отынмен қамтамасыз етуге негізделген жылу-энергетика секторының жаңа элементін құруға жағдай жасайтын болады.
Сол сияқты өнімдері тау-кен жұмыстары үдерісінде анкерлік бекітуге арналған «Ампуланы минералды негізде патрондау» жобасын да осы тұрғыда атап өту қажет. Осы жобаны жүзеге асыру шеңберінде тау-кен өндірісі үшін қуаты жылына екі миллион бірлікке дейін жететін патрондалған ампула шығаратын өндірістік кешен құрылды.
Қысқаша түйін жасай отырып, оқырмандарға ұсынылған материалда келтірілген деректердің елдің инновациялық даму жолына көшуі үшін әлеуетінің бар екенін айғақтайтынын атап көрсету қажет.
Сонымен бірге бұл сияқты міндет Қазақстанның прогресс пен өркендеу жолында одан әрі алға басуы үшін бәсекеге жоғары қабілетті инновациялық плацдарм құруға үлес қоса алатын әрбір қазақстандық пен ұйымның бүкіл күш-жігерін де қажет етеді.
Сансызбай ЖОЛДАСБАЕВ, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы.