16 Сәуір, 2011

Бiрлескен бұйрық № 53, № 96

714 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 14 наурыз № 53 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 10 наурыз № 96, Астана қаласы Бiрлескен бұйрық Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекiту туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына, 15-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамыз: Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi (Л.С. Стамбековаға): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн; 2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн оны ресми жариялауды қамтамасыз етсiн; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсiн. 3. «Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2010 жылғы 24 ақпандағы № 93 және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2010 жылғы 18 ақпандағы № 50 бiрлескен бұйрығының (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 6088 болып тiркелген, «Заң газеті» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 33 (1655)) күші жойылған деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің орынбасары Ә.Т. Аманбаевқа жүктелсiн. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрi ____________ Ж. АЙТЖАНОВА. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi ___________ Р. ТҮСIПБЕКОВ. Қазақстан Республикасының  Экономикалық даму және сауда министрiнiң  2011 жылғы 14 наурыздағы № 53 және Қазақстан Республикасының  Әдiлет министрiнiң 2011 жылғы 10 наурыздағы № 96 бiрлескен бұйрығына 1-қосымша Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау  өлшемдері 1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдері (бұдан әрi – өлшемдері) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдаланатын субъектiлерге (бұдан әрi – субъектiлер) жоспарлы тексерiс жүргiзу үшiн әзiрленген. 2. Осы өлшемдерде келесi ұғым пайдаланылады: тәуекел – субъектiлердiң қызметi нәтижесiнде салдарының ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, тиесiлi сыйақыларды төлемеу арқылы авторлардың, орындаушылардың, фонограмма шығарушы­лардың және өзге құқық иеленушiлердiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы. 3. Субъектiлер қызметiнiң тәуекелдерiн бағалау, субъектiнiң салдардың ауырлығы тұрғысынан маңызы, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық ста­тис­тикасы, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулердiң нәтижелерi ескерiле отырып, келесi тәртiпте жүргiзiледi: 1) субъектiлердiң тәуекел дәрежесi бойынша бiрiншi жатқызу субъектiнiң салдардың ауырлығы тұрғысынан маңызы ескерiле отырып, субъектiлер қызметiнiң сандық көрсеткiштерi негiзiнде жүзеге асырылады; 2) субъектiлердiң тәуекел дәрежесi бойынша екiншi жатқызу авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасы және жоспардан тыс тексерулердiң нәтижелерi ескерiле отырып, субъектiлер қызметiнiң сапалық көрсеткiштерiне сәйкес жүзеге асырылады. 4. Маңыздылығы бойынша субъектiлердi бөлу: 1) жоғарғы тәуекел дәрежесiмен маңыздылығы жоғары дәрежелi субъектiлерге: эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдары мен спутниктi теледидар операторлары жатады; 2) орташа тәуекел дәрежесiмен маңыздылығы орташа дәрежелi субъектiлерге: театрлар, кинотеатрлар, концерттiк залдар; 3) төмен тәуекел дәрежесiмен маңыздылығы төмен дәрежелi субъектiлерге: мерзiмдiк баспасөз басылымдар, баспалар жатады. 5. Бiрiншi жоспарлы тексерiстер кезектiлiгi: 1) жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде: құқық иеленушiмен не мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйыммен шарттардың болмауы; ең көп абонентер саны немесе қамту аумағы; 2) орташа тәуекел дәрежесi кезiнде: театрлар, кинотеатрлар, концерттiк залдар және өзге субъектiлер үшiн: құқық иеленушiмен не мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйыммен шарттардың болмауы; ең көп отырғызу орындар саны; 3) төмен тәуекел дәрежесi кезiнде: ең көп таралым саны; ең көп тарату аумағы ескерiле отырып, бекiтiледi. 6. Субъектiлердiң тәуекел дәрежесi бойынша екiншi жатқызу кезiнде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы тәуекелдер дәрежесiн бағалаудың сапалық өлшемдеріне байланысты субъек­тiлер қайта бөлiнедi. 7. Тәуекелдер дәрежесiн бағалаудың сапалық өлшемдерін қолдану мақсатында, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасы, жоспардан тыс тексерулердiң нәтижелерi, сондай-ақ мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға жасасқан лицензиялық шарттар туралы мәлiметтерi пайдаланылады. 8. Тәуекелдер дәрежесiн бағалаудың сапалық өлшемдеріне байланысты субъектiлер жоғарғы, орташа немесе төмен тәуекел дәрежесiне өтедi. Тәуекел дәрежесiнде орын ауыстыру үшiн сапалық өлшемдер балдармен бағаланады: 1) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн құқық иеленушiмен шарт жасаспай пайдалану – 3 балл; 2) егер мұндай iс-әрекеттер нәтижесiнде авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын пайдалану мүмкiн болмаған не осы техникалық құралдар аталған құқықтардың тиiстi қорғалуын қамтамасыз ете алмаған жағдайларда кез келген құрылғыны немесе оның компоненттерiн дайындау, тарату, прокатқа беру, уақытша пайдалануға беруге, импорттау, жарнамалау, оларды пайда табу мақсатында пайдалану не қызмет көрсету – 2 балл; 3) автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын қолдану арқылы белгiленген шектеулердi алып тастауға бағытталған iс-әрекеттердi жүзеге асыру – 1 балл; 4) автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз авторлық құқықтарды басқару туралы ақпаратты жою немесе өзгерту – 1 балл; 5) автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз мүлiктiк құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертiлген туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектiлерiне қатысты оларды қайта шығару, тарату, тарату мақсатында импорттау, көпшiлiк алдында орындау, жалпы жұрттың назарына кәбiл бойынша хабарлау немесе эфирде беру, жалпы жұрттың назарына жеткiзу – 1 балл. 9. 2 балдан астам жинаған субъектiлер жоғарғы тәуекел дәрежесiне жатады. 2 балды жинаған субъектiлер орташа тәуекел дәрежесiне жатады. 1 балды жинаған субъектiлер төмен тәуекел дәрежесiне жатады. Қазақстан Республикасының  Экономикалық даму және сауда министрiнiң  2011 жылғы 14 наурыздағы № 53 және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiнiң  2011 жылғы 10 наурыздағы  № 96 бiрлескен бұйрығына 2-қосымша Нысан Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы Тексерудi тағайындаған әдiлет органы __________________________________ __________________________________________________________________ Тексерудi тағайындау туралы акт _____________________________________ (№, күнi) Авторлық және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдаланатын бақылау субъектiнiң атауы _____ __________________________________________________________________  
Заңнаманың талаптары Иә Жоқ Қажет емес Ескерту
1 Құқық иеленушiлермен шарттардың болуы
2 Сатып алу-сату шартының, жүкқұжаттың, түбiртектердiң, авторларға және өзге де құқық иеленушiлерге сыйақыны төлеудi растайтын құжаттардың болуы
3 Құқықтар берiлген зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң атаулы тiзбеге сәйкестiгi (шарттың талаптарына байланысты шарттың қосымшалары немесе тауар жүкқұжаттары)
4 Зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң (даналарының) құқық иеленушiнiң талаптарына (шарт талаптарына байланысты) сәйкестiгi
  Ескерту: Заң – «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Тексеру жүргізген лауазымды тұлға: ______________________________________________________________ (лауазымы)                                          (қолы)                                                             (Т.А.Ә.А.) ______________________________________________________________ (лауазымы)                                          (қолы)                                                             (Т.А.Ә.А.) Бақылау субъектісі танысты: ______________________________________________________________ (лауазымы)                                          (қолы)                                                             (Т.А.Ә.А.) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 28 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6844 болып енгізілді.