Футболдан өткен Қазақстан Кубогінің 1/16 матчында таңқаларлық талай нәтижелердің болғандығы белгілі. Премьер-лиганың қазіргі көшбасшысы – Талдықорғанның «Жетісуы» жеңіліп қалды, еліміздің вице-чемпионы – «Ақтөбе» де шегініс жасады. Қазақстан чемпионы Қостанайдың «Тобылы» ойыннан шығып қала жаздады.
Равиль Сәбитовтің жігіттері Алматы қаласында бірінші лигадағы Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубы – Спорт комитетінің жасөспірімдер командасымен ойнады. Бұл ұжым чемпионатта өзіне үлкен тапсырмалар қоймағанымен, оның басты мақсаты – шеберлер командасына – Қазақстан құрамасына жасөспірімдер мен жастардан білікті футболшылар даярлау. Жас армияшылар қажет болған жағдайда турнир кестесіндегі көшбасшылардың бірі – «Тобыл» командасымен сайысуға дайын екендіктерін көрсетті.
Чемпионмен ашық футбол ойнау оңай іс емес екендігін түсінген АОСК бас бапкері Олег Трофимов өз қарамағындағыларға ең бастысы қауіпті аймақтарды жабуды және қорғаныста ұйымшылдықпен ойнауды тапсырды. Қостанайлықтарға алаң ортасына өтуге мүмкіндік жасаған армияшылар олардың одан әрі қозғалуына шек қойды. Олар Қазақстан футбол жұлдыздарын тегеурінді қарсы алғандарымен қаталдық танытқан жоқ. Дегенмен мүмкіндік болған сәтте қарсы шабуыл ұйымдастырып, қарсыластарын састырғаны рас.
Мұндай тактика ұзақ уақыт алаң иелеріне табыс әкелгендей болды. Дегенмен, ойынның 75 минөтінде қонақтар АОСК-нің қорғанысын бұзды. Гридиннің соққан добы есеп ашты. Жеңіс осымен келгендей болды. Бірақ армияшылар да оңай шағылатын жаңғақ еместіктерін көрсетті. Алға анталамай қорғанысын күшейтіп, қарсы шабуыл ұйымдастырып бақты. Негізгі уақыттың аяқталуына бес минут қалғанда алматылықтар есепті теңестірді. Есеп – 1:1. Қосымша уақыт кезінде армияшылардың шабуылы тіптен күшейе түсіп, «Тобыл» қақпашысын қақпаның көлденең ағашы құтқарып қалды. Бұдан соң онбір метрлік айып добын соғу басталды. Біразға дейін жеңімпаз анықталмады. Ақырында «Тобыл» 5:4 есебімен жеңіске жетіп, АОСК көрермендердің қошеметіне бөленді.
Дастан КЕНЖАЛИН.

Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47