16 Сәуір, 2011

ХРОНИКА

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының Жар­лы­ғымен басқа жұмысқа ауы­суы­на байланысты Қазақстан Рес­пуб­­ли­касы Парламенті Сена­ты­ның депутаты Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өкілеттігі тоқта­тылды. *  *  * Мемлекет басшысының Жар­лығымен Қайрат Әбдіразақұлы Мәми басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Рес­пуб­ликасының Бас Про­куроры қыз­метінен босатылды. *  *  * Мемлекет басшысының Өкі­мі­мен Асхат Қай­зол­лаұлы Дауыл­баев басқа жұмысқа ауысуына бай­­ла­нысты Қазақстан Респуб­ли­касы Бас Прокурорының орын­ба­сары қызметінен босатылды. *  *  * Мемлекет басшысының Өкім­дерімен мыналар атқарған қыз­меттерінен босатылды: Қазақстан Республикасы Қар­жы нарығын және қаржы ұйым­дарын реттеу мен қадағалау агент­тігі төрағасының орын­ба­сары қызметінен: Алина Өтемісқызы Алдамберген; Мұрат Байсынұлы Байсынов; Қуат Бәкірұлы Қожахметов; Қазақстан Республикасы Ал­ма­ты қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынба­са­ры қызметінен: Шыңғыс Сержанұлы Қанапиянов; Дархан Қадырбайұлы Нұрпейісов.