Өскемендік он жасар Аяулым Әміреновамен ойда жоқ жерде таныстық. Наурыздың соңғы күндерінде Өскеменнің іргесіндегі табиғаты тамылжыған «Алтай альпісі» спорттық демалыс базасында фристайлдан Қазақстан чемпионаты өтті. Күні кешегі Азия ойындарында топ жарған жерлестеріміз тағы да қарсыластарын шақ келтірмей алтыннан алқа тақты. Ал дүбірлі жарыстың алдында он-он екі жастағы жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өткен болатын.
Міне, Қазақстан Республикасының І қысқы жастар ойындарында өскемендік талапты қыз Аяулым Әміренова фристайлдың могулдан жұптасуда алтыннан алқа тақса, фристайл-могулда екінші, ал фристайл-акробатика спорт түрінен үшінші орынды иеленді. Бір жылда қатарынан үш бірдей медаль алу кез келгеннің маңдайына бұйыра бермейтін бақыт.
«Алтай альпісі» тау шаңғысы базасындағы биіктігі бір мың метрлік биік шыңға жылдам көтерілетін қанатты жол салуға Өскемен қаласының әкімі Ислам Әбішев жағдай жасады десек артық айтқандық емес. Жеке кәсіпкер А.Чиликин мен қалалық әкімдік өзара келісімге қол жеткізіп, нәтижесінде пайдалануға берілді. Қазір ол өскемендіктердің сүйікті орнына айналған. Республикалық облыстық жарыстардың барлығы осы жерде өткізіле бастады. Аяулым биік шыңға көтерілді де, төмен қарай жұлдызша зымырады. Шынашақтай қыздың батылдығына риза болдық.
– Қызымыз өжет, төрт жасында шаңғыға тұруды үйреттік. Бастапқыда спорттың бұл түрін тастап кететін шығар дегенбіз. Жоқ, қайсарлығы шығар, алты жасында спорттың ең күрделі түрі – фристайлды үйренсем деген құштарлық пайда болды. Сергей Аксенов деген бапкерге тапсырдық. Міне, алты жылдан асып барады, фристайлдың басқа түрлеріне де қызығушылық танытуда, – дейді Аяулымның әке-шешесі Серік пен Гауһария Әміреновтер.
– Аяулымның ата-анасы Серік пен Гауһарияның қыздарын биік белестерге шығару жолындағы ерік-жігері бізді қуантады. Серіктің Зайсан ауданында «Әмірен» шаруа қожалығы бар. Шаруасының барлығын ысырып тастап қызының спортта биік белестерге шығуы үшін зайыбы Гауһариямен бірге жанында болуы шынында да құптарлық іс. Тіпті екеуі Аяулымды Алматыда өткен Азия ойындарына ертіп барды. Ондағы мақсаттары белгілі, Табағандағы фристайл жарыстарын өз көзімен көрсе, тәжірибелі спортшылармен жақын болса деген қадам шығар. Түбінде Аяулымның әлем чемпионатында топ жаруы мүмкін. Әрине, ол үшін тәжірибені шыңдай түсу қажет дейді, – бізбен бірге тау шаңғысы базасында болған Марат пен Гүлмира Орманбетовтер.
– Аяулымның бойындағы қайсарлық, келешекке кемел сеніммен қарайтын үміті қуантады. Қазақ қыздары арасынан еліміз тәуелсіздік алғалы бірде-бір Олимпиада чемпионы шықпаған екен. Ендеше Аяулымға сәт сапар тілеп, Олимп шыңына шығуға батамызды береміз. Еліміздің көк байрағын аспандата әуелете бер, – деді орайы келген сәтте «Егемен Қазақстандағы» әріптес ініміз Жақсыбай Самрат.
Ал Аяулымның бапкері Сергей Павлович болса шәкіртінің қазіргі аяқ алысына ризашылығын білдіре отырып, әлі де көп іздену қажеттігін айтады. Қазір қазақ балалары фристайл тау шаңғысы үйірмелеріне аздап болса да келіп жатыр. Соның бірі – жеті жасар Орынхан Мұқатаев екен. Басқа қарадомалақтар да спорттың осынау күрделі түрін меңгерсек деген құлшыныс танытуда.
– Өскемендегі №3 мектеп-гимназияның төртінші сыныбында оқимын. Мектеп директоры Е.Әкітбаев спорттың өркендеуіне ерекше көңіл бөледі. Қала мектептері арасындағы спорттық жарыстарда мектеп түлектері үнемі алдыңғы орындарға ие болуда. Ал арманым Әлем чемпионы атану, – дейді өршіл қыз Аяулым Әміренова.
Оңдасын ЕЛУБАЙ.
Өскемен.
––––––––––––––––
Суретте: Аяулым Әміренова чемпион атанғаннан кейін.

Тұрғын үй маңына көлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат жалған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 11:11
Алматыда роботакси жобасы таныстырылды
Технология • Бүгін, 11:07
Көші-қон заңнамасын бұзған 1 000-нан астам адам елден шығарылды
Заң • Бүгін, 10:55
«Елімай» – «Ордабасы» ойынына төрелік еткен Арман Есмұратов қамауға алынды
Футбол • Бүгін, 10:43
«Әділет» партиясының атынан жалған аккаунт пен парақшалар ашылған
Саясат • Бүгін, 10:40
Қазақстанда 1990 жылдары жасалған ауыр қылмыстардың беті ашылды
Оқиға • Бүгін, 10:22
Әлем чемпионаты: Иран мен Жаңа Зеландия тең түсті
Футбол • Бүгін, 10:05
Шымкент тұрғыны анасынан қалған мұраны қайтару үшін бауырларымен соттасты
Аймақтар • Бүгін, 10:04
Ливанда Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны артты
Әлем • Бүгін, 09:19
Спорт • Бүгін, 09:00
«Неміс машинасын» тоқтату қиын
Футбол • Бүгін, 08:58
17 маусым күнгі кесте: Месси мен Мбаппе ойынға қосылады
Спорт • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:53
Инфрақұрылымды жаңғыртатын ұлттық жоба
Шымкент • Бүгін, 08:50
Әлем үздіктері Ақтөбеде бас қосты
Шахмат • Бүгін, 08:48