Құрметті отандастар!
Қазақстан биыл Тәуелсіздіктің жиырма жылдық мерейтойын қуанышпен атап өтуде. Бұл – бейбітшілік, келісім мен жасампаздықтың жиырма жылы.
Тәуелсіздік – халқымыздың басты мұраты, біздің тарихи таңдауымыз және тағдырымызды өзіміз айқындау құқығы.
Қазақстан халқына бақ болып қонған келісім мен бірлік «Бір ел – бір тағдыр» ұстанымына сүйене отырып, Ұлт Көшбасшысы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының негізіне айналды.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикалық даму, ел азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру бағытында таңғаларлық жетістіктерге қол жеткізді. Біз мемлекетті нәтижелі басқаруға қабілеттілігімізді дәлелдеп, демократия түптамырына берік негіз қалай білдік. Қазақстан әлемдік саяси картада мығым және беделді орынға ие болып, халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшелерінің бірі ретінде танылды. Осы сөздерді Қазақстан төрағалық еткен ЕҚЫҰ Саммиті айқын дәлелдеді.
Осы жетістіктердің барлығы экономикалық өркендеу мен Қазақстан халқының игілігіне бағытталған Ұлт Көшбасшысының саяси ерік-жігері мен сындарлы саясатының арқасында іске асты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы кезектен тыс президенттік сайлауда жеңіске жеткен Нұрсұлтан Назарбаевты шын көңіл, ақ ниетпен қолдайды. Сайлаудағы жеңіс ел Президенті мен бүкіл Қазақстан халқының нағыз жеңіс шыңына айналды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық қатынастарды үйлестіруші маңызды қоғамдық институт ретінде Қазақстанның барша азаматын Елбасының ел тұрғындарына жолдаған «Болашақтың іргесін бірге қалайық» атты Жолдауындағы міндеттерді іске асыру жолында бір елдің баласындай, бір қолдың саласындай жұмылуға шақырады.
Ассамблеяның ХVІІ сессиясының қатысушылары Қазақстан халқының ұлттық рухы – дәстүр, отансүйгіштік, жаңару мен жеңіс рухын нығайтуға шақырады. Біз, ел азаматтары, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен бірлесе отырып, күшті, ырыс-ынтымағы тасыған, өркенді дамыған Тәуелсіз Қазақстанды құратынымызға сенеміз!
Астана қаласы, 2011 жылғы 18 сәуір.