19 Сәуір, 2011

Үндістандық әріптесімен кездесті

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 16 сәуірде Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хат­шысы Марат Тәжин Үндістан Пре­мьер-министрі Манмохан Сингх­тың Қа­зақстанға жасаған ресми сапары ая­сында Үндістан Премьер-министрінің ұлттық қауіпсіздік жө­ніндегі кеңесшісі Шив Шанкар Менонмен кездесу өткізді. Әңгіме барысында тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікірлер алмасып, қолда бар екі және көпжақты өзара іс-қимыл тетіктерін пайдаланып мүдделі бағыттар бойынша ын­тымақтастықты тереңдетуге ниет білдірді. «Егемен-ақпарат».