19 Сәуір, 2011

Стратегиялық жоспар бірауыздан қабылданды

437 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспары мен Тәуелсіздіктің 20 жылдығын өткізуге арналған Ассамблеяның іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. «Тәуелсіз Қазақстан: Бейбіт­шіліктің, келісімнің және жасам­паз­дықтың 20 жылы» атты Қазақ­стан халқы Ассамблеясының ХVІІ сес­сия­сы аясында өткен кеңейтіл­ген оты­рыс Мемлекеттік хатшы Қанат Сау­дабаевтың құт­тық­тау сөзі­мен ашыл­ды. Мемлекеттік хат­шы ең ал­дымен 3 сәуір­де өткен кезектен тыс президенттік сайлау­дағы Нұрсұлтан Әбіш­ұлының ай­қын жеңісін тәуел­сіз­дік жылдары Ұлт Көшбасшысы атқарған ау­қым­ды істері мен жетістіктеріне берілген жоғары және әділ баға деп тануға болатынын айтты. Расында да, Елбасының жеңісі – оның елді әрі қарай әлеу­меттік-эко­номикалық және қоғам­дық-саяси жаң­ғыртудың, қазақ­стан­дық­тардың өмір сүру дең­гейін арттыруға бағыт­талған стра­те­гиялық бағдарламасына бүкілха­лық­тық қол­д­ау­дың айқын көрінісі екені даусыз. Көптеген халықаралық бай­қау­шылардың бағасына сәйкес, сай­лау жоғары деңгейде ұйым­дас­тыры­лып, әділ әрі ашық өт­кен­дігі көп­шіл­ікке белгілі. Атал­мыш сайлау байқаушылар тара­пы­нан тәуелсіз Қазақстан тари­хын­да ең үздік деген бағаға ие болып, елімізді демокра­тия­лық да­мытудағы қарыштап ілгерілеу үлгісін паш етті. Ассамб­лея­ның кеңейтілген отырысында сайлау қорытындысы мен Мемлекет бас­шысы Нұрсұл­тан Назарбаевтың жеңісі жан-жақ­т­ы айтылып, жас ерекшелігі мен шығу тегі әртүрлі қазақстан­дықтардың ерік-жігері мен Елбасы және Қазақстан хал­қы арасындағы бірлік жайы кеңі­нен сөз етілді. Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде байқалған күрделі саяси дағ­дарыстар тұрғысынан қара­ған­да, елі­міздің бірлігі мен ынты­ма­ғының баға­сы арта түскен. Ел бақытына орай, Елбасы әрқашан халықпен бір­ге бола білді. Соны­мен қатар, халық игілігі мен қа­зақ­стан­дық­тардың әл-ауқатын арт­тыра отырып, аянбай қызмет етті. Саналуан ұлт пен ұлыс өкілдері тіршілік ететін ортақ үйі­мізде бейбітшілік пен келісімді нығайт­ты. Бұл бойына сирек кездесетін стратегиялық дана­лық пен бірнеше қадам ілгері әре­кет ете білетін қасиеттерді жинақ­та­ған шын мәнін­дегі жасампаз Көш­басшы екен­дігіне осы күнгі отырыста одан әрі көз жеткізе түстік. Бүгінгі таңда, әлемдік эконо­ми­калық дағдарыс салдарынан дамы­ған мемлекеттердің өзінде байқал­ған жалақы деңгейін, әлеу­меттік шы­ғындар мен зейнетақы төлем­дерін төмендету, және де жұмыс орындарын қысқарту үр­дістері кезінде Елбасының дана­лығы айқын­дала түсті. Қазақстан жылдан жыл­ға жалақы мен зей­нетақы көлемін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуды белсенді түрде жалғастырып отыр. Бұл – мемлекет қуатының, Ұлт Көшбас­шы­сының халық алдындағы жауап­­кершілігінің нақты нәти­жесі. Қанат Саудабаев Ассамблея­ның 2020 жылға дейінгі стра­те­гиялық жоспары жобасына, Ас­сам­блеяның Қазақстан Тәуелсіз­дігінің 20 жыл­ды­­ғына арналған іс-шараларын жү­зе­ге асыру мәсе­лелеріне жеке тоқ­та­ла келе, Президент Нұрсұлтан На­зарб­аевтың өзіне жүктелген жа­ңа президенттік өкілеттілігін Қа­зақ­стандағы бей­бітшілік пен келісімді ны­ғай­туға, халық игілігін өркен­де­туге, елдің халықаралық беделін арт­­тыруға бағытталған сенімді жә­не үдемелі дамуды әрі қарай жал­ғас­тыратыны анық екендігін баян­да­ды. Сонымен бірге, Мемлекеттік хатшы: «Тәуелсіз еліміздің тари­хында болған тамаша оқиға – кезектен тыс президенттік сайлауда Нұр­сұлтан Әбішұлының жеңіске жетуі еліміздің одан әрі жасам­паз­дықпен дамуының жаңа бір бастауы бол­мақ. Көпұлтты Қазақ­стан өзінің өркендеу жолын бір­тұтас бірлікпен, мызғымас ынты­мақпен айқындай түсті. «Ел ерді туғызады, ер елін ертеңге бас­тай­ды» деген қағидалы сөз, шын мә­нінде, жақсы қырынан жар­қырап көрінді. Ер елді бастады, ел соңы­нан ерді. Бұл ұлттық тұтастық пен елдік бірліктің айқын айғағы болды», – деп атап өтті. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша Қазақстан Респуб­ли­касы Парламенті Мәжілісінің де­путат­тары В.Г.Вишниченко, Қа­зақ­стан корейлері қауымдастығы төр­аға­сы­ның орынбасары Г.В.Кан сөз сөй­леді. Бұл ретте Парламент Мәжілі­сінің депутаты В.Г.Виш­­ниченконың страте­гия­лық құжат туралы айтқан пікірі барынша ойға қонымды шықты. Ол өз баянда­ма­сында: «Бұл құжат Еу­ро­падағы қауіпсіздік және ынты­мақтас­тық ұйымы мен үдемелі индуст­рия­лық-инновациялық даму бағдарлама­сы­ның, сондай-ақ 2020 жылға дейінгі даму стра­те­гиясының стандарт­тары­на сай келеді. Стратегияда Қа­зақ­стан хал­қы Ассамблеясының құ­рамын сая­­си партиялар, қоғам­дық бірлестіктер есебінен ке­ңейту, Ассамблея тара­­пынан сайланған депу­тат­тардың заң шығару ісіндегі рөлін кү­шей­ту ісі қарастырылған. Сонымен бірге, тол­е­ранттылық пен этнос­аралық қа­рым-қатынас ор­та­лы­ғы мен басқа да ғылыми-зерт­­теу бірлестіктерін құру жос­пар­лан­ған. Ассамблея жұмы­сы­ның тиімділігін арттыру үшін арнайы қор құру көзделсе, одан өзге бірың­ғай ақпараттық жүйе құру ісі де жос­парға еніп отыр. Бұл ай­мақтағы бө­лімшелермен жұ­мыс­ты жандан­дыру­ды көздейді. Тағы бір тоқтала кететін жәйт, Ассамблея нәтижесі қазақстан­дық этно­журналистиканы дамытуды да қолға алмақ», – дей келе, Қазақ­стан халқы Ассамб­лея­сын қар­жы­ландыру ісі респуб­ли­калық бюджет есебінен жүргізі­леті­ніне де тоқталды. Ассамблея Кеңесі кеңейтілген отырыс нәтижесінде Ассамб­лея­ның 2020 жылға дейінгі страте­гия­лық жос­пары жобасын мақұл­дап, ол жо­баны Қазақстан халқы Ассамблея­сының ХVІІ сессиясына бекітуге ұсыну тура­лы шешім қа­былдады. Жұлдыз БАЙДІЛДА.