Батыс Қазақстан облысы өз тарихындағы болмаған ауыр табиғи апатқа ұшырады. Су тасқыны салдарынан бүгінгі таңда 1500-дей тұрғын үйді, 7200 саяжай үйлерін, 16 мектеп, 10 балабақша, 8 денсаулық сақтау және 5 мәдени-көпшілік нысанын, сондақ-ақ өндіріс орындарын су басты.
Тек билік органдарының дер кезінде қабылдаған шұғыл ұйымдастырушылық шараларының арқасында 6131 тұрғын қауіпсіз жерлерге көшірілді. Оның 1582-і балалар. 1028 адам эвакуациялық орталықтарға орналастырылды.
Су тасқыны бірнеше бөгеттерді, республикалық және жергілікті деңгейдегі жолдарды бұзып, телефон және электр желілері мен стансаларын істен шығарды. Мыңдаған адам мүлкінен, мал-құсынан айырылды. Шығын мөлшерін анықтау жөніндегі комиссиялар өз жұмыстарын жүргізуде.
Осы жағдайға байланысты «Ақжайық» қоғамдық қоры жанынан су тасқыны зардаптарын жою үшін қаражат жинаумен айналысатын банктік есеп-шот ашылды.
«Ақжайық» қоғамдық қоры
РНН 270100218807
БИН 030540003364
ИИК KZ276010181000145685
БИК HSBKKZKX
АО «Народный банк Казахстана»
Кбе-18