20 Сәуір, 2011

Билеттер терминалдар арқылы сатылады

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар тасымалы саласына халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған иннова­ция­лық жобаларды енгізу мақ­сатында темір жол билеттерін төлем тер­миналдары арқылы сату жобасын жүзеге асыруға кірісті. Аталған қыз­мет түрі халыққа төлем тер­ми­налдары арқылы темір жол көлік­терінің қызметі туралы толық ақ­парат алуға, сонымен қатар жолау­шыға пойыздың қажетті бағытын таңдап, нақты ақшаға билет сатып алуға мүмкіндік береді. Жоба мемлекет жеке меншік серіктестігі негізінде жүзеге асы­ры­луда. Оның шеңберінде, инвестор Қазақстан аумағында терминалдар жүйесін орнату жауапкершілігін өз мойнына алады. Терминалдар арқылы билет сату 2011 жылдың 3 тоқсанында жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Бұл жоба қолайлылық дең­гейін арттыруға және жолау­шы­лар тасымалы қызметінің қол­данысын кеңейтуге мүмкіндік береді.