ОТАНДЫҚ КИНОТУЫНДЫСЫ «ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ КИНО» ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ Орыс әдебиетінің классигі Лев Толстойдың осыдан 100 жыл бұрын жазып кеткен «Адамға қанша жер керек?» дейтін әңгімесінің желісімен түсірілген қазақстандық режиссер Мірғалым Есіркеповтің толықметражды фильмі жуырда Санкт-Петербург қаласының маңындағы Гатчинода өткен халықаралық кинофестивальде көрермендер назарын аударып қана қоймай, «Үздік дебют» аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алды. «Мірғалым Есіркеповтің Л. Толстойдың осы аттас әңгімесінің желісі бойынша түсірген «Много ли человеку земли нужно» фильмі ең үздік және жарқын дебют болғаны сөзсіз. Ол басқа тілде көрсетілген жалғыз фильм болғанына қарамастан, (фильм қазақ тілінде түсіріліп, орысша субтитры фестиваль қарсаңында жасалынып үлгерген) көрермендер залы оны қол соғып қарсы алды», – депті жүлдені тапсырарда қазылар алқасының мүшесі, РФ халық әртісі Алла Демидова. Бұл – М. Есіркеповтің шетелден алған алғашқы жүлдесі. Сонымен, фестивальге қатысқан 70-тен астам картинаның ішінен қазақ режиссерінің жұмысы жеңіске жетуінің сыры неде? – Бұл жұмыстың ұнағаны, Толстойдың философиялық туындысы әлі де маңызын жойған жоқ. Өйткені, ондағы рухани идея – адамзат үшін мәңгілік құндылық болып қала бермек, Иә, адам қанағатты білу керек. Тойымсыздық жақсылыққа әкелмейді. Осыны әркім көкейге түюі керек. Фильмнің негізгі айтар ойы осы. Картинаның жеңіске жетуінің сыры осында болар, – дейді фильм режиссері. Алайда, Лев Толстойдың философиялық аңызын кино тілінде сөйлеткен, аталмыш фильмнің өз отанында премьерасы әлі өте қойған жоқ.
Есімі қазақстандық кинематографияда естіле бастаған Есіркепов кім десеңіз, ол – Виктор Пұсырмановтың шәкірті. Екінші курста оқып жүргенде-ақ «Қазақстан-Моңғолия» фильмінің түсіріліміне атсалысқан ол одан кейін де «Қазақфильм» киностудиясында қосалқы режиссер ретінде бірқатар фильмнің түсірілуіне қатысыпты. Ал соңғы 10 жыл бойы телевизияда қызмет жасап көптеген деректі фильмдердің авторы болғаны өз алдына бір әңгіме. Бұл еңбектері де ескерусіз қалмай, «Алтын жұлдыз» жүлдесімен марапатталған екен. Айнаш ЕСАЛИ. Алматы.
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 20:56
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Бүгін, 20:19
Әлем Кубогының алғашқы күнінде 5 боксшымыз жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 19:29
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Бүгін, 19:10
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:54
GGG-дің жаңа белесі: Тоқаев тарихи жетістікпен құттықтады
Спорт • Бүгін, 18:12
Қазақстан IT алпауыттармен 10 миллиард долларлық келісімдер пакетіне қол қойды
Үкімет • Бүгін, 18:09
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Бүгін, 17:58
Жапония Гренландиядағы сирек кездесетін металдарды игеруі мүмкін
Әлем • Бүгін, 17:52
Қостанай облысындағы қайғылы жағдай: Немересі мен атасы суға батып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:49
«Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 17:43
Альпі тауларында үш күнде 10 альпинист қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:28
Ақсу қаласындағы зауыт аумағынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 17:23
16 мыңнан астам сотталған адамға рақымшылық жасалады
Заң • Бүгін, 16:48