17 Наурыз, 2017

Қазақшаны қалай тез үйренеміз?..

512 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақша үйрену шын мәнінде соншалықты қиын ба?

Қазақшаны қалай тез үйренеміз?..

Ғалымдар кез келген жат тілді үйре­ну үшін бірінші күні 100 сөз жат­­тап, екінші күні оны еселеп, ал, үшінші күні сөз қорын 400-ге жет­кі­зіп, аптаның соңын 1000 сөзбен тә­ма­м­­дауға кеңес береді.

Сонда сіз бұ­ған дейін «құбы­жық­т­ай» көрінген кез кел­ген тілде «нан тау­ып жейтін» дә­ре­же­ге жетесіз. Мектептегідей күніне 5 сөз үйреніп, жаттаумен іс ешуақытта оңа­л­майды дейді зерттеушілер. Ал егер де, алғашқы күні 1000 сөз, екінші күні 2000, жарты айда 10000 сөз жаттап ал­саңыз, сөз жоқ, үш айдан соң өзіңіз ба­сында бой ұрған неміс, ағылшын, испан немесе итальян тілінде көсіле сөй­леп кетеріңізге кепілдік бар. Керемет емес пе?!

Осы арада қазақ тіліне де сондай тә­­сіл қажет пе деген бір сауал туын­дай­­ды. Әлем тілдерінің санатында бол­­ғандықтан біздің тілімізге де осындай талап керек те шығар, бәлкім! Алай­да, иә, алайда…

Қазақтың белгілі шайыры Шә­Һи­за­да Әбдікерімов Валентин Тянь есімді ауыл шаруашылығы ғы­лымдарының до­кторымен көп жыл­дан көрші тұ­ра­ды. «Кешкісін ау­лада аздап дамылдап алайын деп шықсам, Бәкеңнің – Валентин Сергейұлының үйінде дуыл­даған топ қазақша аспандатып ән салып жатады. Менің халқымның ана тіліне ғана емес, ән-жырына де­ген мұндай құрметтен жүрегім езі­ліп кетеді. Сенесіз бе, көршімнің үйін­де той-томалақ қазақ әнінсіз өт­пей­ді» деген арқалы ақын сөзінің ақы­ры Бәкеңмен бізді дөңгелек үстел ба­сындағы сұхбатта ұшырастырды. Сон­да ғалым қазақтардың ортасында жү­ріп қазақша үйренуге ешқандай да 100 сөз немесе 1000 сөз жаттаудың қа­жеті жоқ деп бірден кесіп айтты. «Ең ал­дымен, ниет болсын, ниет болмаса са­ғатына 1000 теңге төлеп оқытсаң да қазақ тілін үйрете алмайсың. Қазақ ті­лінің қасиеті сондай!» дейді доктор Тянь. Былай қарасаң, осы Бәкеңнің айт­қаны ақылға сиятын секілді ма?!

Дэн Абизейд деген америкалық ал­ғыр жігітпен бір мекемеде қызмет істедік. Дэннің тілге деген ниетіне әлі күнге таң-тамашамын. Джинсиінің оң қал­тасы – қазақша жазылған «G20 немесе «Үлкен жиырмалық» – әлемдегі экономикасы ең мықты дамыған және тез дамып келе жатқан елдердің клубы» деген күрделі ресми сөздерді құ­рай­тын, ал сол қалтасы «Барға – шү­кір, жоққа – сабыр» деген сияқты өзім үй­реткен қазақ мақал-мәтелінен баста­ла­тын, ауыз-екі айтылатын қарым-қа­ты­нас сөздері жинақталған бейнебір сервис-орталық іспетті. Бөлмеге әр бас сұққан сайын босағада қазақша бір сөйлем айтып, қатем бар болса түзер ме екен дегендей екі қолын қал­та­сына кезек-кезек сұғып, тілдей па­рақ­шаларды алып оқып тұратын Дэн ерек­ше қабілетті оқушы сияқты. Әрі әр аптаның соңында таңертең «Хай-Сә­лем…» дегеннен соң «Бүгін жұма, жақс­ы күн!» деуді еш ұмытқан емес.

Сол Дэніміз уақыт тауып аптасына үш рет кешкі 5-пен 6-ның арасында бізге ағылшын тілін тегін үйретті. Ниетін қызметпен үйлестірген ұстазымыз тың­даушылардың денінің орыстілді екен­діктеріне қарамай көптеген сөз­дердің баламасын қазақ сөздерімен са­лыстырып «миын шынықтырып» жа­та­тын. Мен он бес жылдан астам қыз­мет істеген америкалық бұл ұйымда ха­лықаралық гранттың бөлінуіне орай 3-5 жыл аралығында директорлыққа ке­ліп-кетіп жүрген әріптестерінің ал­ды болған Дэннің қызығы алда еді! Ол еліне қайтар күні қоштасу кеші өтті. Орыстілді журналист әріптес-қарын­дас­тарым Гүлшат пен Маржан келіп, «Аға, Дэнге айтыңызшы, бірауыз қа­зақ­ша сөйлесін…» деп қиылды. Ерсі көр­д­ім, айта алмадым…

Ең қызығы – сағатымызға қарап отырмыз, Дэн еш қателеспей шұрайлы тілде 20 минут сөйледі. Елге, жерге, әріп­тестерге деген ішкі сезімін қазақ ті­лінде бастап, қазақ тілінде аяқтады. Тү­сінгеніміз бар, түсінбегеніміз бар Internews Network – Халықаралық ақпараттар желісі (АҚШ) ұйымы директорының өзіне, қоштасу сөзіне құрмет жасап, дүрілдете қол соқтық! Ол жұрттың бәрін өзінің бөтен тілге деген ниетіне, құрметіне осылайша айрықша есте қаларлықтай тәнті етті!

Одан да қызығы… қазаққа күйеу ба­ла Дэннің келіншегі – өзіміздің Сай­рамның (Оңтүстік Қазақстан облысы) қазағы мен өзбегінің арасында орыс тілділер емге жоқ ауылдағы дәрігердің қызы еді. Дэн екеуі Аме­ри­кадан қолтықтасып бірге келген. Қарындасымыз бір түйір қазақша білмейтін (Ғапу өтінемін, сеа)))), Абизейд мырза!), білмей кетті…

Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»