Бокс • 19 Наурыз, 2017

Головкиннің жекпе-жегіне төрешілер қандай баға берді?

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) америкалық Дэниел Джейкобсқа (32-2, 29 КО) қарсы жекпе-жегтің раунд аралық және төрешілердің берген ұпайлары белгілі болды.

Головкиннің жекпе-жегіне төрешілер қандай баға берді?

Жекпе-жек 19-наурызда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтіп, Геннадий Головкин төрешілердің шешімі бойынша ұпай санымен жеңіске жетті. Еске сала кетейік, Геннадий Головкин алғаш рет 12 раунд жұдырықтасты.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Дэниел Джейкобс арасындағы жекпе-жекте төрешілердің балл қойған қағазы әлеуметтік желілерге таралды.

Compubox компьютерленген соққыларға баға беру жүйесінің есебі.

Сонымен қатар, HBO телеарнасы қос боксшының жекпе-жек кезіндегі соққыларын санап шықты. Қазақстандықтың бұл көрсеткіште дәлдігі жағынан да басым түскенін байқауға болады.

Осылайша 34-жастағы Геннадий Головкин карьерасындағы 37-ші кездесуіндегі 37-ші жеңісіне қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар