Айқасты тікелей эфирде «Қазақстан» және «KazSport» телеарналары көрсетіп жатыр. Сарапшы ретінде «Қазақстан» арнасына Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев қатысса, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Серік Сәпиев «KazSport»-та жүргізуде. Ал кездесу аяқталысымен «KazSport» арнасында арнайы бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл жерде қос боксшы жекпе-жек барысындағы сәттерді талқылайтын болады.
Қазақстандық боксшы бұл кездесуде өзіне тиесілі барлық белбеуін ортаға салды.
«GGG-ге қарсы кездесу өмірімдегі ең айтулы жекпе-жек болайын деп тұр. Бұл маған берілген үлкен мүмкіндік. Енді жеңіске жету үшін аянып қалмаспын. Өзіме өзім толықтай сенімдімін. Басымнан өткен қиын жағдайлардан кейін қандай сынаққа (Дэниел 2011 жылы ісік ауруына шалдыққан) болсын дайынмын. Қазір ешнәрседен қорықпаймын», – деген Дэниел Джейкобс.
Бұл айқаста кім жеңіске жетуі мүмкін?
«Дэниел лайықты түрде қарсылық көрсетеді деп сенемін. Бірақ кездесудің екінші бөлігінде, яғни жетінші және тоғызыншы раундтардың арасында Геннадийдің басымдығы сезіліп, Джейкобстың өкілдері жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болады. Немесе ол жойқын соққылардан есінен тануы мүмкін», – деген еді Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес.
Головкин-Джейкобс бокс кешінің андеркартында кімдер жұдырықтасты? Оны мына жерден біле аласыздар. Ал америкалық боксшы жайлы не білеміз?