Қоғам • 18 Наурыз, 2017

Қазақ – қашанда қазақ!

952 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ – қашанда қазақ!


Әжемнің көргенде аппақ кимешегін,
Ерек бір еркебұлан күй кешемін.
Жайылған мейірімдей ақ жаулыққа,
Астасып ақ көңілмен үйлесемін.
Кимешек – киесіндей салтымыздың,
Ақ жаулық – пейіліндей халқымыздың.
Арындай қазағымның әжелер-ай,
Жанына ең жақыны жалпымыздың!

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

«Егемен Қазақстан»

Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»


Соңғы жаңалықтар